Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Халықтың жағдайы ескеріліп, әлеуметтік көмек көрсетілуде - АРҚА АЖАРЫ

Халықтың жағдайы ескеріліп, әлеуметтік көмек көрсетілуде

Елімізде төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты табысынан айырылған қазақстандықтарға 42500 теңге әлеуметтік жәрдемақы төлеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін облыс бойынша 2,7 мыңнан астам адамның өтініші қолдау тапты.

Облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметінше, дүниежүзі елдеріне жаппай тараған қауіпті індет – коронавирус пандемиясынан біздің облысымызда да халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтарымен бірге, шағын және орта бизнес зардап шегуде. Әсіресе, азық-түлік емес тауарларды шығаратын кәсіпкерлер жұмысы тоқтап, табысынан айырылып отыр. Сондай жандардың бірі – Аршалы ауылында тұратын жас кәсіпкер Мақпал Тінәлина. Оның азық-түлік емес тауарларды сатумен айналысып келе жатқандығына екі жылдың жүзі болыпты. Карантиннің енгізілуінен кәсібі тоқтап қалған.
– Коронавирус індетіне байланысты халық денсаулығының қауіпсіздігі үшін билікке қатаң шектеу шараларын енгізуге тура келді. Төтенше жағдай режимі менің де кәсібіме зиянын тигізбей қоймады. Бизнесім тұралап, едәуір табысымнан айырылдым. Отбасым қиын жағдайға тап болды. 42500 мың теңге көлеміндегі әлеуметтік жәрдемақы туралы естіп біліп, бірден электронды үкімет порталы арқылы өтініш берген едім. Өтінішім бірер күнде қолау тапты. Басымыздан өтіп жатқан бүгінгі қиындықтарға ешкімді де айыптауға болмайды. Мұның барлығы уақытша деген ойдамыз. Мемлекет тарапынан халықтың жағдайы ескеріліп, барынша қолдау көрсетіліп жатыр. Сол үшін ел билігіне үлкен алғысымды білдіремін, – дейді жеке кәсіпкер.
Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар