Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сауда үйлері жалға алушыларға қолдау көрсетті - АРҚА АЖАРЫ

Сауда үйлері жалға алушыларға қолдау көрсетті

Көкшетау қаласындағы екі ірі сауда үйі карантин режимі кезінде өздерінің жалға алушыларын төлемақыдан босату жөнінде шешім қабылдады.

Алғашқылардың бірі болып әлеуметтік жауапкершілік және азаматтық ұстаным танытқан Көкшетау қаласындағы орталық әмбебап дүкенінің әкімшілігі сауда үйінің аумағында орналасқан бутик иелерінен төлемақы алмайтын болды. Сауда үйі алаңының көлемі 12 мың шаршы метрді құрайды. «Ұрпақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Мәлік Құлтеміров бұл шешім түсіністіктен туындағанын айтты.
–Еліміздегі төтенше жағдай кезінде Ақмола облысының аумағында шектеу шаралары енгізілуіне байланысты меншік иесі мен «ЦУМ» сауда үйінің басшылығы жалға алушыларымызды төлемақыдан босату жөнінде шешім қабылдады. Бүгінгідей ауыр жағдайда жерлестерімізге қолұшын созуға тиіспіз,–деді Мәлік Құлтеміров. Әкімшіліктің бұл шешімі орталық әмбебап дүкенінің бөлмелерін жалға алатын бутик иелерінің көңілінен шықты.
–Бүгінгі қиын жағдайда біздің әкімшілік қабылдаған шешім үлкен сыйластық тудыруда. Өз жұмысымызды еріксіз тоқтатқан біз үшін бұл үлкен қолдау,– деді Светлана Шемякина жалға алушылардың атынан. Осынау игі істі «SATTI» сауда үйі де бірден қолдады. Оның сауда алаңының көлемі 1600 шаршы метрді құрайды.
–Сауда үйінің жұмысты шектеу кезінде төлемақыдан босату жөніндегі шешімі орынды. Сауда үйі жабық кезде жалға алушылардан төлемақы алу ешқандай ақылға қонбайды. Осы кезде мен де олардың алдындағы өз міндеттемемді орындамай отырмын. Төлемақы алып жатқандарды түсінбеймін. Қиын жағдайда өзгелердің есебінен баюға болмайды. Бұл адамгершілікке жатпайды. Өзге де менің әріптестерім өз жалға алушыларын жұмыс істемеген кезде төлемақыдан босатулары тиіс деп санаймын,–деді «SATTI» сауда үйінің директоры Боркен Кәкпенов.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ұлттық экономиканы қолдау» атты тапсырмасы аясында өңірлік палата қызмет пен сауда саласын мониторингілеу жөнінде жұмыс тобын құрды. Оның құрамына облыстық әкімдіктің, «Nur Otan» партиясы, облыстық прокуратура, мемлекеттік кіріс, тауарлар мен көрсетілетін қызметтің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаменттерінің, бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармаларының қызметкерлері, өңірлік кеңестің, кәсіпкерлер құқын қорғау кеңесі мен іскер әйелдер кеңесінің төрағалары, облыстық кәсіпкерлер палатасы мен БАҚ өкілдері кірді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар