Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Дәрігерлер үстеме ақы ала бастады - АРҚА АЖАРЫ

Дәрігерлер үстеме ақы ала бастады

Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, бүгінгі таңда өңіріміздің он екі медициналық ұйымының 529 медицина қызметкеріне наурыз айына үстеме ақы беру бойынша жұмыстар атқарылған.

– Соңғы уақытта коронавируспен күрес шараларына жұмылдырылған медицина қызметкерлеріне үстеме ақы беру бойынша өтініштер көп түсіп жатыр. Осыған байланысты «Сенім» облыстық кәсіподақтың төрағасы Серік Кәкенов, сондай-ақ медицина ұйымдарының бас дәрігерлері және өзім түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Үстеме ақы беру Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 4 сәуірдегі бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады, – деді басқарма басшысы Сүлен Ілиясов.
Атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша бірінші тәуекел топқа 44 медицина қызметкері жатқызылған. Олардың үстеме ақы көлемі Ақмола облысының туберкулезге қарсы диспансерінің жұқпалы аурулар бөлімшесінде жұмыс істеген уақытына байланысты белгіленеді. Атап айтқанда, 80,5 сағатқа 527971 теңге төленсе, 7 сағатқа 46 698 теңге төленеді. Бұл үстеме ақылар ең жоғары және ең төменгі болып табылады.
Екінші тәуекел тобына 237 медицина қызметкерлері жатқызылған. Олардың ең жоғарғы үстеме ақы көлемі 144 сағатқа шаққанда 344250 теңгені, ең төменгі үстеме ақы 3,4 сағатқа 8808 теңгені құрайды. Ал, 248 медицина қызметкері үшінші тәуекел тобына енгізілді. Оларға төленетін ең төменгі үстеме ақы мөлшері сағатына 1476 теңгені құраса, 96 сағат жұмыс істегені үшін төленетін ең жоғары үстеме ақы 141667 теңге болады.
Ақмола облысында денсаулық сақтау ұйымы қызметкерлеріне берілетін үстеме ақы көлемін арнайы комиссия анықтайды. Комиссия хатшысы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әсел Қалдыбаева. Бұл комиссия үстемеақыны тәуекел топтарына қарай есептейді. Комиссия медициналық ұйым қаражаты есебінен бір айлық еңбек ақы көлемінде сыйақы беру мақсатында Covid-19 вирусын жұқтыру қаупі бар жерде жұмыс істейтін қызметкерлердің қосымша тізімін ұсынуға құқылы. Ол үшін ұйымның кредиторлық қарыздары болмауы керек.
– Коронавируспен күрес шараларына араласқан медицина қызметкерлерінің еңбек ақыларына үстеме ақы тек атқарылған жұмыс уақытына қарай төленеді, – деді басқарма басшысы Сүлен Ілиясов. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі түсіндірме хатының негізінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек, санитарлық авиация, блок бекеттердегі медицина қызметкерлері коронавирусқа қарсы шараларға жұмылдырылатын болса, олардың атқарылған жұмыс
уақытына қарай үстемеақы төленеді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығындағы тізімге кірмеген жедел медициналық жәрдемнің облыстық станциясының санитарларына төлемақы беру облыстық штабтың шешімімен жүзеге асырылады. Олар 19 санитарға жергілікті бюджет қаражаты есебінен наурыз айына ақы төлеу үшін 235,4 мың теңгеге өтінім берген. Аталған министрліктің ауызша түсініктемесіне сәйкес, екі апталық карантинде жатқан медицина қызметкерлеріне ақы қолданыстағы нормативтік-құқықтық актіге сәйкес, яғни, еңбекке жарамсыздық парағы бойынша төленеді.

Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар