Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Төтенше жағдайда сақтана білуде - АРҚА АЖАРЫ

Төтенше жағдайда сақтана білуде

Төтенше жағдай талаптарының қатаң сақталуы – бүгінгі күннің басты міндеті. Осы орайда, бақылау топтарының құрамындағы біздің мамандарымыз прокуратура, полиция қызметкерлерімен бірге, облыс орталығындағы және Аршалы ауданындағы бірқатар кәсіпорындарда тексеріс жүргізген болатын.

Атап айтқанда, бақылау тобы «Көкшетау Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында, «Новопэк», «ENKI», «KAIK», «Аркада Индастри» серіктестіктерінде, «Камаз-Инжиниринг», «КазШпал» акционерлік қоғамдарында болып, коронавирусқа байланысты төтенше жағдай талаптарының сақталуын бақылады.
Тексеріс аталған кәсіпорындарда санитарлық-дезинфекциялық шаралар алгоритмге сәйкес жүргізіліп отырғанын көрсетті. Аршалы ауданындағы «Каз-Шпал» кәсіпорнының кіре берісінде де жұмысшылардың қолдарын зарарсыздандыруы үшін антисептиктер қойылған. Сонымен қатар, әр жұмысшының дене қызуы тексеріліп тұрады. Тұмау, басқа да вирустық аурулардың белгілері бар жұмысшылар бірден бақылауға алынады. Мұнда әр адам жеке қорғаныс құралдары – халат, маска және қолғаптармен қамтамасыз етілген. Кәсіпорын ауласы да күнбе-күн зарарсыздандырылып отырады.
Тексерілген кәсіпорындарда негізгі технологиялық процестерге қатысы жоқ жұмысшылар қашықтықтан жұмыс істеуге көшірілген. Олардың барлығы қазіргідей жағдайда басқосулар ұйымдастыруға, ұжым болып көпшілік іс-шараларға қатысуға тыйым салынғанынан хабардар. Жұмысшыларды үйлеріне және жұмысқа тасымалдау мақсатында қызметтік көлік ұйымдастырылған. Жолаушылар қызметтік көліктерге тек маскамен кіреді және бір-бірінен бір метр алшақ отырады.
Осы арада, санитарлық талаптарды сақтау тек кәсіпорындарға ғана емес, баршамызға қатысты екенін айтқымыз келеді. Ол – әрқайсымыздың міндетіміз. Коронавирус індеті тезірек артта қалсын десек, эпидемиолог және дәрігер мамандардың кеңестеріне құлақ асып, үйде отырғанымыз және жеке бас гигиенасын сақтағанымыз абзал.

Ақмола облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің
сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаменті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар