Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Президенттің ұсыныстары мен нақтылы тапсырмалары - АРҚА АЖАРЫ

Президенттің ұсыныстары мен нақтылы тапсырмалары

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің мәртебесі мен өкілеттігі арттырылады

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 3-отырысында айтты. – Бүгінде барлық ел қауіпсіздігінің маңызды бөлігі – биологиялық қауіпсіздік мәселесі болып отыр. Бұған дейін коронавирустың қайта таралуына дайын болуға тиіс екендігімізді айтқан болатынмын. Ахуал еліміздің және көршілес мемлекеттердің аумағында тұрақты табиғи ошақтар мен өзге де қауіпті инфекциялардың болуына байланысты күрделене түсуде. Бірқатар жүйесіз реформалар мен қайта ұйымдастырулар санитарлық-эпидемиологиялық қадалағау және инфекциялық бақылау жүйелерінің әлсіреуіне себеп болды», – деді Мемлекет басшысы.
Бұл ретте Қазақстан Президенті санитарлық-эпидемиологиялық қызметті күшейту қажеттігіне баса назар аудартты. «Осыған орай қазірдің өзінде жаңа комитетті құру жұмысы басталды. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің мәртебесі мен өкілеттігі арттырылатын болады. Өмірдің өзі бұл реформаға түрткі болып отыр. Бұл қызметтің мамандарын әлеуметтік қорғау және кадрларды дайындау жүйесі қайта қаралады. Бұған қоса, инфекциялық аурулармен күрес саласында шет елдермен ынтымақтастықты одан әрі нығайту қажет. Биологиялық қауіпсіздік жүйесі ортақ стандарт бойынша жұмыс істеуі және қатерлерге еларалық өзара іс-қимыл мен қарсы тұру шараларын қамтамасыз етуі тиіс», – деп атап көрсетіп, Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы заңды жыл соңына дейін қабылдау қажеттігін баса айтты.

Ауыл мен қала медицинасындағы алшақтық болмауы керек

Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл мен қала медицинасындағы алшақтыққа алаңдаушылық танытып, – Үкімет ауылдық денсаулық сақтаудың тиімді моделін құру бойынша шаралардың орындалуын қатаң бақылауға алуы тиіс. Қордаланып қалған тағы бір проблема – көмек қолжетімділігі деңгейінің өңіраралық алшақтығы. Инфрақұрылымдық айырмашылықтан бөлек, қала мен ауылдарда кадрлармен қамтамасыз етуде айтарлықтай теңгерімсіздік бар. Толықтай алғанда шаралар бар, олар әзірленген. Енді оларды жүзеге асыру маңызды. Үкімет ауылдық денсаулық сақтаудың тиімді моделін құру бойынша шаралардың орындалуын қатаң бақылауға алуы тиіс», – деді Мемлекет басшысы. ҚР Президенті денсаулық сақтау саласында цифрландыру процестерін жеделдету және тиімділігін арттыру қажеттігіне де баса назар аудартты. «Медициналық құжаттарды қағазсыз жүргізуді енгізу қажет. Денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында денсаулық сақтаудың бірыңғай цифрлық кеңістігін құру жоспарланған. Медициналық ұйымдардың 90 пайызы платформаға ықпалдастырылатын болады. Электронды денсаулық төлқұжаты енгізілді. Медициналық ақпараттарды сақтаудың бірыңғай базасы құрылды. Бұл – жұмыс жоспары десек те болады. Бірақ, оны сөзсіз жүзеге асыру қажет. Денсаулық сақтау жүйесіне білікті ІТ-мамандарды тарту, отандық әзірлеме жасаушылардың әлеуетін медициналық ақпараттық жүйеге жұмылдыру маңызды, – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тіл комитеті 2021 жылдан бастап Білім және ғылым министрлігінің қарамағына өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің онлайн отырысында тағы бір өте маңызды мәселе мемлекеттік тілді оқытудың тиімділігін барынша арттыруымыз қажеттігін айтып, бұл мәселеде Еуропа елдерінің тәжірибесіне назар аудару қажет. Олар тіл үйрету барысында негізінен оқу орындарындағы жастарға көбірек мән береді. Сондықтан, Тіл комитетін 2021 жылдан бастап Білім және ғылым министрлігінің қарамағына өткізген жөн. Бұл қазақ тілін оқыту әдістемесін әзірлеу және оны үйрету ісіне қатысты әлеуетімізді бір орталыққа шоғырландыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мұндай қадам қолданысқа енгізілетін оқу бағдарламаларының тиімділігін талдау және мониторинг жүргізу жүйесін жасауға септігін тигізеді», – деді Президент.

Адамдарды кішкентай кезінен денсаулығын ойлауға үйрету қажет

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев адамдарды кішкентай кезінен денсаулығын ойлауға үйрету керектігін айта келіп, біз 2010 жылдан бастап денсаулық сақтаудың бірқатар бағыттарын, аталған нысандардың экстенсивті тиімділігін оңтайландыруға басымдық бердік. Нәтижесінде мыңға жуық инфекциялық төсек-орын қысқартылды. Биологиялық қатерді қаперге ала отырып, Үкімет белгілі бір бағыттар бойынша денсаулық сақтау жүйесінің артық екендігіне және оларды сыни жағдайдарға дайын ұстап тұруға қатысты мәселені қарастыру қажет», – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Республикасының Президенті азаматтардың денсаулығын қорғау үшін превентивті медициналық-санитарлық шараларды қабылдауға бірінші кезекте назар аудару қажеттігін баса айтты. – Әрине, бір жағынан біз ауруханалар салуымыз қажет. Бұл – азаматтарымыздың денсаулығын қамтамасыз ету және қорғау мәселесі. Бұл– үлкен стратегиялық міндет те. Екінші жағынан, Денсаулық сақтау министрлігі және өзге де тиісті ведомстволар адамдарды кішкентай кездерінен өз денсаулықтарына қамқорлық танытуға оқытуы, азаматтарымыздың денсаулығын қорғау бойынша санитарлық-медициналық шараларды қабылдауы қажет», – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Білім беру және ғылым жүйесін түбегейлі реформалау талап етілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа ахуал білім беру және ғылым жүйесін түбегейлі реформалауды талап ететіндігін айта келіп, қазір алдағы кезеңнің күн тәртібін анықтап алуымыз қажет. Кез-келген мемлекет үшін адами капитал басты өлшемге айналды. Осы орайда, біліктілік мәселесі айрықша маңызға ие болып отыр. Әр азамат өзінің жеке жетістігі арқылы бүкіл елдің табысты болуына, өсіп-өркендеуіне үлес қосады. Сондықтан, бүгінгі отырысты адами капиталдың негізгі бағыттарын дамыту мәселесіне арнадық. Бұл – білім беру, ғылым және денсаулық сақтау саласы», – деді Мемлекет басшысы.
Президенттің айтуынша, жаңа ахуал білім беру және ғылым жүйесін түбегейлі реформалауды талап етіп отыр. «Енді бұл саланың маңызы арта түсетіні анық. Тіпті, экономиканың өзі соған тәуелді болмақ. Біз білім мен ғылым саласының болашақтағы рөлін айқын түсінуіміз керек. Бүкіл мемлекеттік саясатты соған сәйкес жүзеге асырамыз. Білім беруді және ғылымды дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы бойынша жүзеге асырылатын реформаларды қайта зерделеу қажет. 2025 жылға дейін білім саласына бөлінетін қаражат 6 есе, ғылым саласына 7 есе өсетінін ескерген жөн», – деді Қ.Тоқаев.

Педагогика мамандықтарының стипендиясын 26 мың теңгеден 42 мың теңгеге дейін арттыру тапсырылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық кеңестің онлайн форматта өткен 3-отырысында педагогика мамандықтарына түсуге қойылатын талаптарды біртіндеп арттыру керек. Оларды тартымды ете түсу үшін болашақ мұғалімдерге арналған шәкіртақыны 26 мыңнан 42 мың теңгеге дейін арттыру қажет, – деді. – Қос дипломды бағдарламаларды, студенттердің, жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлық құрамының ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлығының түрлі формаларын дамыту қажет. Қазақстандық университеттердің базасында шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының кампустарын ашу керек. 10 университетте академиялық басымдық деп аталатын студенттердің тұруына қауіпсіз әрі жайлы орталықтар құрылуы тиіс, – деді Мемлекет басшысы.
Алдағы 5 жылдың ішінде кемінде 90 мың жатақхана орны салынуы тиістігі баса айтылды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар