Күн ысып, жазғы суға шомылу маусымының басталуына байланысты қазір жас та, жасамыс та өзен-көлдер мен су-тоғандарды жағалап жүр. Бұл – аптап ыстықтан саялаудың бір жолы. Дегенмен маусым айы басталмай жатып, қауіпсіздік ережесін сақтамай, арты қайғымен аяқталып жатқан оқиғалар да тіркеліп үлгерді.
Облыстық ТЖД мәліметі бойынша, бұл жолы қайғылы жағдай демалыс күндері Зеренді ауданының Красный Кордон ауылында орын алды. Онда көлдің рұқсат етілмеген тұсынан шомылмақшы болған 32 жастағы ер адам суға батып кетті. Ер адамның тиым салған жерде суға шомылғаны және үстінде құтқару құралы болмағаны анықталды.
Бұдан бөлек, құтқарушылар Бурабай көлінде ақау шыққан катамаранда болған үш адамға көмекке барды. Осы орайда, Ақмола облыстық ТЖД қызметкерлері тұрғындарды өзен, көлдерге шомылуға барғанда барынша қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.