Әр азамат үшін кіндік қаның тамған жерден артық жер жоқ. Туған жерің есіңе түскенде, қобалжып, жүрегің атша тулап, ерекше бір сезімге бөленесің. Алланың әмірімен қас-қағым сәтте туған жерде өткен бақытты өмірің көз алдыңнан зымырап өте шығады. Өкінішке орай, қайтып келмес сол бір бақытты күндер-ай, шіркін!
Туған жер туралы ойланбайтын, есіне алмайтын адам кемде-кем шығар. Әсіресе, ақындар мен жазушылар майын тамызып тұрып жазады. Мен өз басым сол қалам иелерінің елдерінде де болдым. Туған жерге сүйіспеншілік, махаббат әр адамның жанымен, қанымен дариды. Дүниежүзінде мен үшін Қазақ елінен әдемі, тамаша жер жоқ. Асқар тауымыз, шалқар көлдеріміз бар, жер жәннаты, жер шоқтығы Бурабайымыз бар. Тағы да мен көрмеген тамаша жерлер қаншама. Бұл Алланың аңқылдаған, ақкөңіл, дархан пейілді қазақ халқына берген сыйы деп есептеймін. Әлемде жер көлемі жөнінен 9-ыншы орын алатын Қазақ еліне бұл байлық әуелі Алла, сосын ата-бабаларымыз, батырларымыздың Отанға, елге, жерге деген сүйіспеншілігінің арқасында келгені анық.Туған жер туралы ойланбайтын, есіне алмайтын адам кемде-кем шығар. Әсіресе, ақындар мен жазушылар майын тамызып тұрып жазады. Мен өз басым сол қалам иелерінің елдерінде де болдым. Туған жерге сүйіспеншілік, махаббат әр адамның жанымен, қанымен дариды. Дүниежүзінде мен үшін Қазақ елінен әдемі, тамаша жер жоқ. Асқар тауымыз, шалқар көлдеріміз бар, жер жәннаты, жер шоқтығы Бурабайымыз бар. Тағы да мен көрмеген тамаша жерлер қаншама. Бұл Алланың аңқылдаған, ақкөңіл, дархан пейілді қазақ халқына берген сыйы деп есептеймін. Әлемде жер көлемі жөнінен 9-ыншы орын алатын Қазақ еліне бұл байлық әуелі Алла, сосын ата-бабаларымыз, батырларымыздың Отанға, елге, жерге деген сүйіспеншілігінің арқасында келгені анық.Менің туған елім Ақмола облысында орналасқан бұрынғы Торғай облысы Қима ауданының Бесоба ауылы. Кеңес өкіметі кезінде елдің аты «Қызылту» колхозы болып өзгерді. Нұр-Сұлтан қаласындағы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бір топ тарихшы ғалымдары біздің елге келіп, обаларды зерттеді. Алланың әмірімен, батыстан шығысқа қарай бір сызбаның бойында бес оба орналасқан, ара қашықтығы әртүрлі. Аңыз әңгіме бойынша жоңғар шапқыншылығы кезінде тұрғызылған деген дерек бар. Сол обалардың бірін зерттеу үшін шетінен қазып көрмек болады. Алып келген жер қазатын трактор обаның қасында от алмайды, тракторшы олай қарайды, бұлай қарайды, бірақ, онысынан ештеңе шықпайды. Сонда тракторшы, басқа ұлттың өкілі «Жігіттер, Құраннан бір аят оқындаршы» дейді, «меніңше, бұл жай оба емес». Айтқаны келіп, трактор аят оқылғаннан кейін, от алып жұмыс істеп кетеді. Естуімше, ғалымдар сол обадан біраз жәдігерлер тапқан көрінеді. Менің пайымдауымша, бұл обалардан әлі де талай тарихи жәдігерлер табылады. Ауыл орналасқан жерде екі оба бар, соның біреуіне біз бала кезімізде жиі шығатынбыз, керемет тамаша сезімге бөленетінбіз.Жан-жағымыз, айнала алақанға салғандай тегіс көрінетін. Әсіресе, жайылып кеткен малдарды тауып әкелуге көп көмегі тиетін. Ауылдың қасында үлкен қорым – зират бар. Ол сол обаның қасында орналасқан. Алланың әмірімен, қорымның екі шетінде, екі мазар бейіт тұр.Кімге арнап салынған, онда кімнің мәйіті жатыр, ол белгісіз дүние. Ауыл ақсақалдары дөп басып айта алмайтын, содан өздеріңіз болжай беріңіздер, не заманғы қорым екенін. Керемет ғажайыптығы сонда, бір қарағанда шымнан салынған сияқты болғанымен, міне, неше ғасыр желге, жауынға, аязға төтеп беріп, құламай өлі сақтаулы тұр. Тарихы бізге белгісіз көне екі мазар елдің сақшысы сияқты. Фәни мен жалған дүниенің куәсі есебінде қасқайып қисаймай тұр. Еріксіз, адам баласын тәубесіне келтіреді.Міне, бұл менің туған жерімнің терең тарихының шет жағасы ғана, сыры тереңде жатыр, оны танып білу болашақтың еншісінде. Ауылдың дәл қасында үш таған болып бөлініп жарқырап, айдыны күнге шағылысып, жағасы тал мен қоғаға көмкеріліп, жарықтық Бесоба өзені жатыр, қара су деп айтуға аузым бармайды. Елдің сол жағында шолақ қара су орналасқан. Әрі қарай 1,5-2 шақырым жерде Смағұл қара суы бар. Иә, бұл су менің Үдірбай баласы Смағұл атамның атымен аталады. Қазақ мемлекетінің барлық жер карталарында «Смағұл қарасуы» деп жазылған. Ертеде Есіл өзенімен осы қарасудың арасында Смағұл атамның қонысы болған. Есіл өзені тасығанда, атам қонысы аралда қалатын. Малға, жанға қолайсыз қиындық туындаған соң, осы күнгі Бесоба қонысына ең алғаш үй салып, Есіл бойынан көшкен менің Смағұл атам болатын. Есіл өзені бойында қоныстанған көптеген адамдар кейін атам үй салған жерге көшіп, бір ауыл болып отырған. Бірақ, осы төңіректегі қара судың тек қана менің атамның атымен аталуында білген адамға үлкен мән-мағына бар деп есептеймін. Әрине, бұл менің пірәдар Смағұл атама деген елдің сый-құрметі деп білемін!Біздің елдің табиғаты тамаша ғой шіркін! Әсіресе, көктем айында. Сәуір айының басында Терісаққан өзені тасып, Есіл өзеніне құяды, сол жайылған су тура біздің үйдің алдына келеді. Сол жайылған су бір жеті жатады да, сосын кейін шегінеді. Енді сәуір айының аяғында, мамыр айының басында тасыған Есіл өзенінің суы жайылып, тағы да біздің үйдің алдына келеді. Содан Есіл өзенінің жайылған суы қырық күн тұрады, содан соң шегініп, өзінің қалыпты арнасына түседі. Осындай суы мол көктем келгенде ауыл азаматтары қатты қуанады, себебі, су болса шөп болады. Ал, шөп болса, асырап отырған малдарының тамағы. Яғни, тарықпай жанұясын асырауға болады.Су жайылған түбек ол Алланың сыйы, ешқандай шығынсыз шауып жинай бересің. «Ешім» совхозында бес бөлімше болды, қаншама мал басы болды, соның бәріне біздің Бесобаның шөбі жететін. Орталықтағы мектепте оқимыз, сосын сенбі күні ауыл балалары жүк таситын машинаның кузовында отырып, Бесобаға (Қызылтуға) бет аламыз. Ауылға 2-3 шақырым қалғанда «Тасқазған» деген төбе бар, соған көтерілгенде, алдымызда жарқырап, көз жететін жерге шейін аппақ болып «теңіз» жататын. Бұл су тасыған кез. Сол жақта Қамқор түбегі, тура «Терісаққан» совхозы, оң жақта Саспақ ауылы түгел суға толып тұратын. Маңғазданып жүзген аққулар, қаңқылдаған қаздар, зуылдаған дала үйректері, осының бәрі тамаша керемет көрініс беретін. Соны көргенде, машинадағы ауыл балалары «Алақай, алақай, ауылға келдік» деп мәз болатынбыз. Әрқайсымыз төбенің басында тұрған үйімізді көзбен іздейміз. Әрине, Сайран екеуімізді Смағұл атам мен Айман апам күтіп отырады. Біз сол кісілердің ыстық құшағына құлай кетеміз. Міне, балалық шақтың, енді қайталанбас тамаша суреттері! Ақын, қазақ халқына айтыс өнерін қайтадан әкелген Ерман Жүсіп ағамыздың «Терісаққан» деген поэмасы бар, мен соны оқығанда таң қалдым, сөйтсем, Терісаққан өзені Ұлытау өлкесінен басталып, біздің Есіл-Бесобаға құяды екен. Ерман Жүсіп бауырымыз Терісаққан өзені басталған Жезқазған өнірінің тумасы. Ол кісінің өлеңінен есімде қалғаны: «Бәлкім, дүниедегі барлық өзендер, оң аққан, теріс аққан сен ғанасың, өйткені, сен бәрінен Данасың» деген жолдар.Міне, осы Терісаққан өзені мен есіліп аққан ерке Есіл біздің елге тамаша көрік беріп, әлі күнге өз шарапатымен бүкіл елді асырап келе жатыр. Дүние бір қалыпта тұрмайды, өзгеріс көп, соның бірі ауылдан қалаға көшу. Осы жағдай біздің Бесобаны (Қызылтуды) айналып өтпеді. Менің бауырларым Қазақ елінің әр жерінде Алланың берген ризық-несібесін татып жүрген жағдайлары бар. Бірақ, мен анық білемін, олар қай жерде өмір сүрсе де, Бесоба (Қызылтуды) үлкен сағынышпен жүректерінде мәңгі сақтайды! Солардың бірі менмін.Осындай табиғаты тамаша екі өзеннің қосылған жерінде, малға, жанға жайлы мекенде әуелі Алла, сосын қазақ халқының соңғы ханы Кенесары ханның хас батыры, ел үшін, жер үшін бар өмірін сарп еткен, сол жолда айдауда жат жерде құрбан болған біздің атамыз Бекмырза баласы Баубек батырдың арқасында біздің ұрпаққа бұйырған атамекен міне, осы.Олай болса, аруағыңнан айналайын, Батыр баба! Сіздің еңбегіңізді ұрпақтарыңыз ешқашан ұмытпайды. Басымызды иіп, рухыңызға тағзым етеміз! Қабиболла ШАЯХМЕТҰЛЫ,зейнеткер.Нұр-Сұлтан қаласы.