«Аянның» абыройлы ісі

Жергілікті жерде өнім өндіру айрықша маңызға ие. Ал, өндірген өнім талғампаз тұтынушының көңілінен шығып, абыройға ие болса ше?

Осыдан үш жыл бұрын Анар станциясында «Аян» диірмен-макарон комбинаты пайдалануға берілген болатын. Аз уақыттың ішінде өндірген өнімдерінің сапасымен тұтынушылар тарапынан тәуір баға алып үлгерді. Қазіргі тұтынушының талғамы да қатаң. Нарық қағидасына сай дәмі, түсі, иісі көңілден шықпаса, өндірген өнімі сауда сөресінде жатып қалуы да ықтимал.
Негізінен, Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының дастарханына адал дәмін ұсынатын ұжым ең алдымен өздері өндіретін өнімнің сапасы мен бағасының қолжетімділігіне басты назар аударады. Макарон өнімдері бидайдың қатты сорттарынан барлық технологиялық тәртіпті сақтай отырып, итальяндық құрылғыда дайындалады.
Жоба құны 3 миллиард теңге. Оның 1 миллиарды өз қаржылары болса, 2 миллиард теңгені несиеге алған. Тәулігіне 150 тонна бірінші, екінші, үшінші сортты ұн үгуге қуаты қаптал жетеді. 11 түрлі, жалпы көлемі 20 тоннадан астам макарон өнімдерін дайындайды. Қазір комбинатта 60 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Айлық орташа жалақы 90 мың теңгені құрайды. Жұмыс көзі табыла бермейтін ат төбеліндей станция үшін бұл үлкен көмек. Жұмысшыларға да қолайлы жағдай туғызылып отыр. Шеттен келіп еңбек ететіндерге арналып қонақ үй тұрғызылған.
Елорданы азық-түлікпен қамту белдеуінде орналасқан комбинаттың қарекеті көңіл тоғайтарлық. Ауыл шаруашылығы өнімдерін дәл осылай өңдей білсек, өрге шығарымыз сөзсіз.
Байқал БАЙӘДІЛОВ.
Аршалы ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар