Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қозғалыс белсендісі - АРҚА АЖАРЫ

Қозғалыс белсендісі

Ардагерлердің мол тәжірибелері кейінгі  ұрпақ үшін үлкен өнеге. Рухани-адамгершілік құндылықтарды сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып келе жатқан қазыналы қарияларымыздың бірі Ақмола облыстық мемлекеттік кірістер органдары ардагерлер кеңесінің төрағасы Теңбай Ыбыраев.

Ақмола облыстық мемлекеттік кірістер органдарының ардагерлер кеңесінің қатарында жүз зейнеткер бар. Осы ұйымға жетекшілік ететін Теңбай Сәпиоллаұлы белсенді азаматтық ұстанымымен ерекшеленеді, оның есімі облыс көлемінде жақсы танымал.
Ардагерлер ұйымының мүшелері үшін кездесулер, бейнеконференциялар ұйымдастырылады.  Мемлекеттік кірістер департаментінің басшылығы ардагерлер ұйымын әрдайым қолдайды. Ардагерлер мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесіп жұмыс істейді. Олар жұмысқа кандидаттарды қабылдау кезінде байқау комиссиясына, сондай-ақ, қызметкерлерді кешенді аттестаттаудан өткізу кезінде байқаушылар ретінде қатысады.
Мемлекеттік кірістер департаментінің спорттық және мәдени шаралары  ардагерлер кеңесінің қатысуынсыз өтпейді. Зеренді ауданы Қызылтаң ауылының орта мектебінің оқушыларымен және Сандықтау балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесу барысында  Теңбай Сәпиоллаұлы Ұлы Отан соғысынан кейінгі кезеңде елді қалпына келтіру жұмыстарына араласқаны туралы естеліктерімен бөлісті.
Теңбай Сәпиоллаұлы және жуырда марқұм болған жазушы Айдос Әбутәліпов ағамыз Зеренді ауданының  әкімі Бауыржан Ғайсамен кездесіп, «Қошқарбай» өзенінің бұрыңғы атауы «Шора» деп аталғаны туралы мұрағаттық мәліметтердің табылғанын және өзенге тарихи атауын қайтару мәселесін қозғаған еді. Аудан әкімі қайта атау мәселесі заңнамаға сай қарастырылатынын айтып, ақсақалдарға алғысын білдірді.
Нұрлан ЫСҚАҚОВ,
Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар