Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Салауатты өмір салтын орнықтырып, спортты қарқынды дамыта береміз - АРҚА АЖАРЫ

Салауатты өмір салтын орнықтырып, спортты қарқынды дамыта береміз

16 тамыз – спорт күні

Бүгінгі таңда кез-келген елдің экономикалық дамуымен қатар, халқының спорт пен салауатты өмір салтын ұстануы айқын көрсеткіш саналады. Осы ретте, біздің облысымызда да спорт нысандары салынып, спорт түрлері жаппай насихатталуда. Өңірде бар спорт түрлерімен қатар, жаңа спорттық бағыттар да дамып келеді. Ақмолалық спортшылардың жеңісті де жемісті сәттері барша қазақстандықтарға мерей. Пандемияның салдарынан 2020 жылдың бірінші жартыжылдығы біздің облыстың спорт саласы үшін толайым табыстарға толы болмаса да, салынып жатқан және күрделі жөндеуден өткізіліп жатқан жаңа спорт нысандары алдағы уақытта спортшыларымыздың маңдайлары жарқырап, небір жеңіс тұғырына көтерілетініне сенім ұялатады.

Облыста спорттың инфрақұрылымын дамытып, халықтың бұқаралық спортқа деген сұранысын арттыру, оған қоса, жоғары спорттық жетістіктерді одан сайын молайту спорттық ұйымдардың жұмыстарының негізгі бағыты. Қазіргі уақытта облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты 2025 жылға дейін дамыту тұжырымдамасын және Ақмола облысы аймағын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру бағытында біршама жұмыстар атқаруда. Аймақты дамыту бағдарламасында белгіленген мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізілді. Оның алғашқысы азаматтардың дене шынықтырумен және спортпен жүйелі айналысуын қамту болатын. Бүгінгі күні облыста 220 мыңға жуық адам спортпен айналысады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29,8 мың адамға көп. Жастардың балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептерінің секцияларына, арнайы дене дайындығы клубтарына қатысуын қамтамасыз ету қарастырылған. Былтырғы жылмен салыстырғанда, биыл спорт мектептеріне және балалар мен жасөспірімдердің спорттық клубтарына қатысушыларға пандемия біраз кедергі келтірді. Дегенмен, облыстың Степногорск қаласы мен Жарқайың, Жақсы аудандарында басқа аймақтарға қарағанда спортпен шұғылданушылар көбірек тіркелгендігі қуантады.
Қазіргі уақытта дене шынықтыру және спорт саласында 2190 адам жұмыс істейді, соның 1205-і ауылдық жерлерде еңбектенуде. Олардың 1296-ы жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері, 235-і орта арнаулы және жоғары оқу орындарының оқытушылары, 441 жаттықтырушы-оқытушылар. Спортқа қызығушылығы бар, онымен айналысамын деген азаматтарға облыста 2444 спорттық нысан қызмет етеді. Олардың 1711-і ауылдық жерлерде жұмыс істейді. Бүгінгі таңда оның саны 36-ға көбейіп отыр. Дегенмен, кейбір аудандарда спорт мамандары жетіспейді. Мәселен, Есіл ауданында 17 ауылдық окургте небары екі нұсқаушы-әдіскер жұмыс істесе, Бұланды ауданының бірде-бір ауылында спорт жөніндегі әдіскер жоқ.
Салынып жатқан спорт нысандарына келетін болсақ, 2019-2021 жылдарға арналған «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде Аршалы және Целиноград аудандарының орталықтарында дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысы, Шортанды ауданының орталығында стадионға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Тұрғындардың бос уақыттарында спортпен шұғылданулары үшін көптеген жерлерде қазіргі заманға сай спорттық алаңдар, хоккей корттары ашылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеген он бағыттағы рухани жаңғыру шеңберінде белсенді жұмыс жүгізілуде. Облыс орталығында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Мерген» спорт клубы жұмыс істейді және онда 200-ден астам адам спортпен шұғылданады. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мен оны насихаттау мақсатында облыста 616 іс-шара ұйымдастырылып, оларға 39,6 мыңдай адам қатысты.
Бұқаралық спортпен қатар, облыста жоғары жетістіктер спортына да басым көңіл бөлінеді. Спорттық резервті дайындау мақсатында облыста 29 спорт мектебі және Бөгенбай батыр атындағы спорттағы дарынды балалар мен жасөспірімдердің мектеп-интернаты бар, олардың төртеуі олимпиада резервтерінің мектептері. Көкшетау қаласында олимпиадалық резервті дайындайтын облыстық орталық жұмыс істейді. Жоғарыда аталған спорттық білім беретін нысандарда 48 спорт түрі бойынша 15,2 мың спортшы шұғылданады.
Сонымен қатар, қазіргі таңда облыста Қазақстан Республикасының чемпионаттарына қатысып жүрген 7 кәсіби команда бар. Олар «Арлан» хоккей клубы, футболдан «Оқжетпес» футбол клубының ерлер және әйелдер командалары, баскетболдан «Синегорье» ерлер мен әйелдер командалары, бір футзал командасы және өткен жылы құрылған ерлердің «Ұшқын» баскетбол командасы.
Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының құрамына облыстың 406 спортшысы енді. Жалпы, жыл басынан бері облыста 1 разрядты 29 спортшы, 47 спорт шеберлігіне үміткер, 19 спорт шебері, 1 халықаралық деңгейдегі спорт шебері дайындалды. Спортшыларымыз республикалық және халықаралық жарыстарда әр түрлі дәрежедегі 179 медальға қанжығамызға салды.
Жыл соңына дейін осы жетістіктерді одан әрі молайта түсуге ден қойып отырмыз. Осы ретте, дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатындар қатары молая түсуі үшін заманауи спорт алаңдарын әлі де сала бермекшіміз.
Міне, бұл биылғы жылдың бірінші жартыжылдығындағы жетістіктер. Екінші жартыжылдықта да осы нәтижелерді одан әрі жандандырып, бұдан да көп жетістікке жетіп, спортшылармыздың жеңіс тұғырына жиі көтерілуіне барынша күш саламыз. Бұған спортшыларымыздың мүмкіндігі мол.

Әсет БҮКІБАЕВ,
Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар