Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңа мүмкіндіктер көкжиегі - АРҚА АЖАРЫ

Жаңа мүмкіндіктер көкжиегі

Қазіргі таңда «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» және «Ауыл – ел бесігі» бағдарламалары аясында Ақмола облысы бойынша 19 құрылыс жасағы жұмыс істейді. Онда 930 жас буын еңбек етуде.

Ағымдағы жылы «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша 575 жас жұмысқа орналасты. Олардың арасында 65-і жоғары оқу орнының студенттері болса, 195-і техникалық және кәсіби білім алушылар, сонымен қатар, жұмыссыз жастар да жұмыспен қамтылды. Аталмыш бағдарлама туралы толығырақ хабардар болғысы келген жас буынға 1800 онлайн кеңес берілген.
Ақмола облысы жастар ресурстық орталығының маманы Мақпал Жанарысованың айтуынша, жұмысқа орналасқан жастардың ішінде тек жоғары оқу орнының студенттері мен техникалық және кәсіби білім беретін орта арнаулы оқу орындарының оқушылары ғана емес, жұмыссыз жастар да көп.
– Біз, жастар ресурстық орталығы Ақмола облысының студенттері мен жас-тарына құрылыс жасақтарына жұмысқа орналасу бойынша тұрақты түрде көмек көрсететін боламыз, – деді ол өз сөзінде.
Қазіргі уақытта Ақмола облысы бо-йынша «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасына қатысушылар өңіріміздегі 141 ұйымда жұмыс істейді. Бір ғана мысал Көкшетау қаласындағы №8 орта мектебіндегі жөндеу жұмыстарына да атсалысып жатқан жұмысшылар осы бағдарламаға қатысушылар екендігін атап өтуге болады. Құрылыс жұмыстарының мердігері «Хлебстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Баршамызға мәлім, қазіргі таңда Көкшетау қаласында құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Тарқатып айтар болсақ, облыс орталығында жаңа тұрғын үйлер салынып, жолдар жөнделуде.
Адымдап алға жылжыған заман көшіне соны қарқынмен ілгерілеп келе жатқан қала күн сайын жаңарып, көз танымас-тай көркейіп, гүлденуде. Осы орайда, құрылысшылар мен жұмысшылардың еңбегі орасан екендігі анық. Жастайынан ауыр жұмыстан қашпай, еңбекке араласып жүрген осындай жастардың ертеңгі күні өздері де өз кәсібін терең білетін, біліктілігі жоғары маман болып қалыптасатыны анық.
Мемлекеттік бағдарлама аясында еңбек етіп жүрген жастардың бірқатары Көктем шағын ауданындағы жол учаскесін жөндеуге кірісіп кетті. Аталмыш құрылыс нысанының мердігері – «Көкшетау жолдары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Қазіргі таңда жалпы, әлем халқы үлкен дағдарысты, ауыр кезеңді бастан өткеріп жатыр. Жасырары жоқ, айтып келмес аурудың салдарынан еліміз экономикалық қана емес, рухани дағдарысқа да тап болғандай. Осындайда қазақ халқының «Бірлік бар жерде тірлік бар» дегені ойға оралады. Кез-келген қиындықты бірлікпен еңсере білгенге өткел болмайтыны анық. Ауру мен апат айтып келмейтіні бар. Алдын алуға ғана болатын кеселдің бірден-бір жолы сақтану. Осы мақсатта қазіргі таңда аталмыш бағдарламалар төңірегінде өтетін бос орындар жәрмеңкесі онлайн түрде өткізілуде.
Мұның барлығы жұмыссыздық деңгейін төмендету, жастарды неғұрлым жедел түрде тиімді жұмысқа орналастыру, сондай-ақ, кадрларды іріктеуде жұмыс берушілерге көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және кеңейту үшін жастар үшін жасалып жатқан игі істердің бір парасы ғана.
Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар