Көкшетау қаласында заманауи үлгідегі аялдамалар орнатылуда. Қазір Абылай хан даңғылы бойында осындай үш аялдама бар.
Аялдаманы орнатуды қала әкімдігінің тапсырысы бойынша мердігер «Дизайн сити» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алып отыр. Жыл соңына дейін қала көшелерінің бойында жаңа 17 аялдама орнату жоспарланған.
Қала әкімдігінің мәліметінше, жаңа аялдамаларды орнатудың да өз реті, тәртібі бар. Аралық өлшемдерін мөлшерлегенде ең алдымен, жолаушылардың ағымы ескеріледі. Жаңа аялдамалар жолаушылар үшін ыңғайлы. Аялдамаға қазақтың оюымен безендірілген және атауы жазылатын тақтайша орнатылып, қоғамдық көлік бағыттарының жүру сызбалары көрсетіледі. Сауда сөресі, қоқыс контейнері мен орындықтың болуы да қарастырылған.
Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.