Тайбұрылдың ізімен

Кішкенекөлдің қыр даласында айбарлы аязы бар ақпан да өтті. Таңертеңгі көк мұз бетінде шылқыған суға айналып, кешкісін қайта қатып, әбігерге түсетін кез де келіп жетті. Күн жылынып кетпегенімен ызғардың зәрі сынып, жылымық кезге айналған шақ. Қылышын сүйреткен қыстың да мұртын балта шапқан кез. Көлді жағалап Қасымбай мен Сәлімбай, қос ағайындыдай дос болып кеткен, орта жасқа келген екі ер адам, өз табынын жайлап келе жатыр. Жылқылары сансыз, сол үшінде жылқылары толық екенің тексеру үшін көлге суаруға әрдайым жол тартады деген сөз жергілікті халықтың аузынан шығып, аңыз боп кеткен әңгіме бар. Көл жағалауына жылқыларды апарған кезде, бүкіл табын көлдің әр бұрышына сыюға тиісті болған, егер бос орын қалмаса, бұл бірде бір жылқының жоғалмағаны деп есептелген.
Қасымның үш ұлы ер жетіп қалған еді. Үлкенін Қазыбек, екіншісін Жанқозы десе кішісінің есімін Дарын деп сол баяғы досы Сәлімбай қойған екен. Үш мұрагері бой жеткеніне көзі жеткен Қасымбай, әрқайсысына алты айдан асқан жылқы байлайын деген ойға келеді. Осы жолы балаларын ертіп жайылымға келген себебі, жабағы таңдау еді. «Әрине, барым балаларыма мұра, бірақ үйір-үйір жылқыға ие болу оңай шаруа емес, еңбектің жемісін көру үшін мандай терін төгіп, қыстың суығына, жаздың ыстығына шыдап, еңбектену керек екендігін жанашыр әке білетін еді. «Ата-бабадан қалған кәсіптің қыр-сырын білетін үлкендерден тәжірибе алып, әр көшпендінің көкірегіндегі, ұлы даланың көрікті суреті, жайылымдағы үйірлеген жылқы, жайқалған жусанның иісіне сүйсіну сезімдерін жас ұрпаққа қалай жеткізсем» деген терең ойлар Қасымбайдың тұла бойын жайлады.
Таң атып, таңертеңгі намазын оқып болғаннан кейін Қасым балаларымен жылқы баптауға шыққан еді. Күннің сәулелері табын жаққа шам етіп, жарқырап тұрғанда әр жылқы алтын сұңқардай көрінетін.Табынға жетіп, балаларымен жабағы таңдауға кірісті.
Алғашқы кезек ақылды да жуас баласы Қазыбекке келді. Қазыбектің айрықша қасиеті бүкіл елге белгілі болатын. Ол ұшқан шыбынның да, тербеліп жатқан шөптің де сәл қозғалып елес еткенін сезетін. Қазыбек табынның шет жағында тұрған жирен жабағыға көзін салып, жануардың жуас мінезділігін, көк тәңірі аян бергендей, жылқыны сиппатап айтып берді. Тұңғышының тандауын жылқышы мақтан тұтты, себебі, жирен көк биенің төліне, анасынан байсал мінезі дарығандығын әкесі де білетін.
Келесі кезек Жанқозыға келді, жасына қарамай салмақты мінезімен жұрттың көзіне түскен бала, жылқыны жақсы танитын, жабағының топайы, бойы мен тұяғының өлшемдеріне аса көңіл бөліп, анықтап берді. Ол таңдаған жануарды шаруашылық пен жүк тасу мақсатында пайдаланатын ойы бар. Таңдап алған жабағысына әкесі таң қалды.
–«Осы сансыз жылқының ішінен,табын ішінен ең көрікті және мықты жылқыны таңдауы өте ғажап!», – деді әкесі.
Ал, ендігі кезек ең кіші баласы Дарынға тиді. Дарын әкесінің тор биесінің тұқымын таңдады, себебі осы тор бие кезінде ең жүйрік бие болған деседі. Дене бітімі сұңғақ, бас сүйегі шағын, мойыны ұзынша келген, кең жауырынды торы кезінде талай жарыстарға қатысып, олжалы болған жануар. Ең жүлделі қашықтығы жиырма бес километрге шапқан. Жабағы анасына тартқан деген оймен таңдау жасады. Дарын жасынан жылқы шауып бәйгеден жүлделі орын алсам деп армандаған екен. Осыны сезген Қасымбай кіші баласына үлкен үміт артады. Осы әңгімеден халқымыздың ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлгендігін көре аламыз.
«Әке көрген оқ жонар…» дей отырып, қазақ отбасында әкелер өзінің білетін бар өнерін ұлдарына үйретіп, «сегіз қырлы, бір сырлы» жігіт етіп тәрбиелегендігінің куәсі бола аламыз.
Мират ЖҰМАҒҰЛ,
Көкшетау қаласындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9 «В» сынып оқушысы
Жетекшісі: Дариға БАЙГУЛИНА, педагог-ұйымдастырушы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар