Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қар тазалау жұмыстарына қарқын керек - АРҚА АЖАРЫ

Қар тазалау жұмыстарына қарқын керек

Көкшетау қаласының шет көшелері қар құрсауында қалып отыр. Облыс орталығының Станционный, Бейбітшілік шағын аудандары, қалаға іргелес Нұрлы көш, Бірлік елді мекендерінің тұрғындары коммуналдық мекемелердің қызметіне шағымдануда.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің өкілдері тиісті компаниялар тәулік бойы қызмет атқарып жатқанын айтады. Облыстық «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының» филиалы және «Ақмола – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері тұрғындардың арыз-шағымын зерделеді. Бейбітшілік шағын ауданының тұрғыны Марина Чеховская бүгін жұмысқа бара алмады. Қызметтік көлік шағын ауданға кіріп-шығатын 4 жолдың төртеуімен де өте алмапты.
– Осы шағын ауданға көшіп келгеніме 2 жыл болды. Күрегін жерге тигізбестен тік көтеріп алып, әрлі-берлі жай жүрген техникадан басқа, коммуналдық қызметтің ешбір жұмысын көрмедім. Екі жылда мен тұратын көшені бірде-бір техника тазалаған емес,–дейді қала тұрғыны Марина Чеховская.
Қала шетіндегі шағын ауданға «Көкше Тазалық» компаниясы қызмет көрсетеді. Мердігер бұл аумаққа жалғыз қар күреу техникасын бөліпті. Тұрғын үй-коммуналдық қызметінің өкілі қаржы бөлу механизмінің өз қиындықтары барын алға тартады. Бұл шағын ауданға айналма жол және Уәлиханов көшесі арқылы кіруге болады. Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі және қыр асып түсетін жер жолдар есепке алынбаған.Тиісінше, қаржы қарастырылмаған. Жалпы, биыл қаланы қардан тазалауға 210 миллион теңге бөлініпті.
–Көкшетауда «Көкше тазалық» пен «Зерен 2006» мердігерлік ұйымдар жұмыс жүргізуде. «Көкше тазалық» орталық көшелерді, Станционный және Бейбітшілік шағын аудандарын тазалуда. «Зерен 2006» Жайлау шағын ауданында қызмет атқарады. Бұл компаниялармен жасалған келісім-шарт Нұрлы көш, Бірлік елді мекендерін қамтымайды,–дейді Көкшетау қалалық тұрғын үй-коммуналдық бөлімінің сектор меңгерушісі Ерболат Серікпаев.
Жолдың қысқы күтіміне маманданған мекеме өкілдері қалай болғанда да жергілікті билік елді мекен көшелерінде көліктің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етуге міндетті дейді. Бұл ретте атқарылған жұмыстың сапасын бақылау ақсап тұрғаны байқалады.
–Барлық қала мен елді мекен көшелерінде жолдың параметрлеріне байланысты қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, кедергісіз көлік қозғалысына жағдай жасалуы керек. Бұл құжат талаптарына сәйкес тапсырыс беруші мен мердігер құбылмалы ауа райы басылған соң 4-6 сағат ішінде жолды тазартуы тиіс. Қазір біз тұрғындардың шағымы бойынша ғана қала көшелерін қардан тазалау сапасын тексерудеміз. Қазір Көкшетау қаласында жолдың қысқы күтімін бақылайтын мекеме жоқ деуге де болады. Егер жергілікті әкімдік бізбен келісім-шарт жасаса, біз өз көмегімізді ұсынуға әзірміз,– дейді «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» облыстық филиалының инженері Игорь Стефан. Мамандар шет көшелерде қар көп, әрі көктайғақпен күрес шаралары тиісті деңгейде атқарылмағанын алға тартты. Бұл – көшені қардан тазартуға қажетті техниканың жетіспейтіндігін көрсетеді. Осы мақсатта «І-Көмек» сервисі және 109 қауырт желісі іске қосылған.
– Облысымызда 109 қауырт желісі жұмыс атқаруда. Сонымен қатар, коммуналдық қызмет бойынша Нұр-Сұлтан қаласында «Тұрғын үй орталығы» ашылды. Бізде де «Адалдық алаңы» аясында осындай орталық ашу көзделген. Онда азаматтардан келіп түскен барлық арыз-шағымдар жедел қарастырылып, тиісті мекемеге жолданады,–дейді «Ақмола – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Самира Тәйтенова.
Осы ретте, тапсырыс берушінің мердігерді міндеттеу тетігі әлсіз бе деген күмән туындайды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мамандары апта сайын әр көшенің қардан тазалануын бақылап, жұмыс талапқа сай болмаса, мердігерге хабарлама жазып отырғанын айтады. Алайда, жұмыс сапасы көңіл көншітпейді. Айта кетелік, Көкшетауда көшені қардан тазартуға 70 техника жұмылдырылған. Былтыр бір қыста 140 мың текше метр қар шығарылса, биыл 270 мың текше метр қар тасымалданды. Алайда, шет көшелердегі қар үсті-үстіне үйіліп жатыр.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар