Есептегіш құралдар – жылу ақысын үнемдеудің тиімді жолы

Ақмола облысында тұтынушыларға 44 кәсіпорын жылумен жабдықтау қызметін көрсетеді. Бұл ретте, өз қызметін Ақмола облысы аумағында жүзеге асыратын Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы «Көкшетау Жылу» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік мекеме жылумен жабдықтау саласындағы базалық субъект болып табылады.

Жылыту ақысын қалай үнемдеу керектігін жақсы түсіну үшін жылумен жабдықтау қызметтерінің төлем мөлшерін есептеу механизмі туралы көбірек білу керек. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментімен бекітілген халыққа жылумен жабдықтау қызметіне 2021 жылға арналған тариф 1805,42 теңге/Гкал құрайды, жылу энергиясын есепке алу аспаптарының болуы мен болмауына байланысты тариф пломбалы бақылау құралы бар (ПБҚ) халық үшін 1497,85 теңге/Гкал, ал, ПБҚ жоқ халыққа қосымша құн салығымен қоса есептегенде 3221,55 теңге/Гкал құрап отыр.
Бұл ретте, «Ақмола облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № А-7/316 қаулысымен (0,02876 Гкал/м2) бекітілді.
2019-2020 жылдардағы жылу беру кезеңінде жылу энергиясын есепке алу аспабы бар тұтынушы 20 992,83 теңгеге аз төледі, ал 2020 жылғы қазан мен 2021 жылғы қаңтар аралығындағы кезеңде үнем 10 859,77 теңгені құрап отыр. Осы орайда тұтынушыларға есептеу құралдарын орнату тиімді екендігін баса айтқымыз келеді. Ақмола облысының облыс орталығында 987 көп қабатты үйлер бар. Онда орнатылған есепке алу аспаптарының жалпы саны 763. Яғни, 224 үй жылу энергиясын есептеу құралдарын орнатпаған.
Сондай-ақ, 2021 жылы Көкшетау қаласының көп қабатты тұрғын үйлерінде орнатылған тағы 105 жалпыүйлік есептеу құралдарын тексеру қажет екенін хабарлағымыз келеді. 2021 жылы жылу энергиясын есепке алу аспаптарын тексеруді жүргізу қажет тұрғын үйлердің тізімімен «Көкшетау Жылу» ШЖҚ МКК-нің сайтында танысуға болады. (http://kzinfo.kz/content/informaciya-po-obsche-ғdomovym-priboram-ucheta-teplovoy-energii)
Бұл ретте тұрғын үйлерде үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптарының болуы, жылу энергиясын есепке алу аспаптарына уақытылы тексеру жүргізу және Ақмола облысының басқа қалалары мен аудандары бойынша температуралық кестеге сәйкес жылу энергиясын тұтынуды дұрыс реттеу туралы ақпарат табиғи монополиялар субъектілерінің ресми интернет-ресурстарында орналастырылатын болады.
Осылайша департамент тұтынушыларға жылу энергиясын тұтынуды үнемдеу мақсатында пәтер иелері кооперативтерімен бірлесіп үйлердің энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды талқылау үшін жиналыстар өткізуді ұсынады. Мысалы, үйлер мен жертөлелерді жылудың қабырғалардан өтуіне мүмкіндік бермейтін инновациялық панельдермен оқшаулаңыз. Үйдің энергия тиімділігімен қатар, пәтердің жылу оқшаулауына, әсіресе, суық бөлмеге жиі енетін терезелер мен есіктерге назар аударуды ұсынамыз. Тиісінше, қабырғаларды, едендерді, есіктер мен балкондарды қымтау мүмкіндігін қарастыру қажет, жертөлелер ескі жылыту жабдықтарын заманауи модельдерге ауыстыру керек, олардың көпшілігі жылуды үнемдейді, бұл жылу шығынын және жылу ақысын азайтуға көмектеседі.
Бүгінгі күні жылу энергиясын есепке алу аспаптарын сатып алу кәсіпорындардың қаражаты немесе тұтынушылардың өздерінің қаражаты есебінен, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдар жылу энергиясын есепке алу аспаптарын сатып алуды және орнатуды көздейтін мемлекеттік бағдарламалар арқылы жүзеге асырылады.
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес тұтынушының есепке алу аспабы болуы міндетті, сондай-ақ есепке алу аспабын орнату жылумен жабдықтау жүйелерінде коммерциялық есепке алу аспаптарын таңдау, монтаждау және пайдалану жөніндегі әдістемемен айқындалады. Тиісінше кәсіпорын есепке алу аспабының көрсеткіштері бойынша шоттар бере бастағанға дейін осы аспап міндетті тексеруден өтеді, ол пломбалау туралы актімен және пайдалануға қабылдау туралы актімен ресімделеді.
Сондай-ақ, жылу энергиясын пайдалану қағидаларына сәйкес жылу энергиясын есепке алу үшін бастапқы немесе мерзімдік тексеру туралы құжаттары бар түрлері өлшем бірлігін қамтамасыз ететін мемлекеттік жүйенің тізіліміне енгізілген, коммерциялық есепке алу аспаптары пайдаланылады. Жылу энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарын ұстау, техникалық қызмет көрсету және тексеру теңгерімдік тиесілігіне сәйкес жүзеге асырылады.
«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» заңға сәйкес мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыру саласында қолданылатын өлшем құралдары мемлекеттік метрологиялық қызметпен, сондай-ақ, осы қызмет түріне аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерімен есепке алу аспабының түріне байланысты 4-5 жылда бір рет тексеруден өтіп тұрады. Осы орайда, есепке алу аспабын орнату тұтынушыға жылу энергиясын нақты тұтынуды реттеуге және сол арқылы жылумен жабдықтау төлемінің шығыстарын азайтуға мүмкіндік береді.
Азамат САБЫРЖАН,
Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар