Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Наурыз дегенде баршамыздың қуанышымыз бір, тілегіміз ортақ - АРҚА АЖАРЫ

Наурыз дегенде баршамыздың қуанышымыз бір, тілегіміз ортақ

Наурыз барша шығыс халықтарына ортақ мереке. Десек те, оны әр халық өзінің салт-дәстүріне, мәдениетіне қарай түрліше атап өтеді. Өзбектер Наурыз күні ағайын-туысты шақырып, ұлттық тағамдарын дайындайды, ақ дастарқан басында тілек айтады.

Ол тағам сүмәләк деп аталады. Негізі, өзбектермен қатар, парсы, өзбек, қырғыз, иран, түрік, әзірбайжан, түркімен, ұйғыр, ауған халқында да Ұлыстың ұлы күні сүмәләк әзірлеу дәстүрге айналған. Қырғыздар бұл тағамды «сүмелек» деп атаса, түркімендер «семене» деп атайды. Атауы басқа болғанымен, барлық шығыс халықтары сүмәләкті жаңа өсіп шыққан бидай дәнінен жасайды.
Ел аузындағы бір аңыздарға сенсек, «сүмелек» сөзінің екі мағынасы бар екендігін байқаймыз. Біріншісі – парсының «си мелек», яғни «отыз періште» сөзінен шыққандығы туралы уәж. Яғни, Наурыз кезінде «сүмелек» қайнатып жатқан кезде қазанның қасында 30 періште отырады мыс. Екіншісі – парсыша «самани» деп аталатын бидай дәндері көрінеді. Шамасы, түркімендердің «семене» дейтіні осыдан шығар. Дегенмен, барлығының тілегі бір. Молшылық болсын дегені. Сонысымен де ол Наурыздың ең басты тағамдарының бірі саналады. Ол тек өзбек ұлтына тән тағам емес, бүкіл мұсылман қауымына ортақ тағам. Наурыз көжені қалай құрметтесе, сүмәләкті де солай қадірлейді. Тағы бір айта кетерлігі, наурызкөже секілді сүмәләк та тек қана наурыз мерекесіне арналып дайындалады.
Ұлыстың ұлы қарсаңында туған жерім Шымкент қаласына барып, ағайын-туыспен қауышып қайтқан болатынмын. Шымкент қаласының маңындағы Төле би және Сайрам деп аталатын аудандарда өзбектер көптеп шоғырланған. Махаллада бәріміздің басымыз қосылып, ұлттық тағамымызды әзірледік. Үлкендер Наурыз бата беріп, жас-тар би билеп, ән айтты. Наруыз мерекесінде жастарға атадан келе жатқан дәстүрлерімізді көрсетеміз. Менің ойымша, Наурыз ұлттық салт-дәстүрді, ұлттық тағамдарды өзге халықтарға көрсетуге, таныстыруға тамаша мүмкіндік. Наурызбен бірге табиға-ана жасарғандай, шығыс халықтарының дәстүрі де жаңғырып қалатыны рас.
Біздің бала кезімізде Наурыз кең көлемде тойланбайтын. Тек, еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін атап өтіле бастады. Міне, сондықтан егемендік алып, еңселі мемлекетке ғана айналып қойған жоқпыз, ата дәстүрін жаңғыртқан біртұтас халық болдық.
Мен ең әуелі елімізді 30 жыл басқарып, халқымызды ынтымақ-бірлікке бастаған Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевқа, сол кісінің салиқалы саясатын жалғастырып отырған қазіргі Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығымды білдіргім келеді. Елімізде тұрып жатқан ұлттарды бөле жармай, керісінше біріктіру, достыққа шақыру идеясы өте дұрыс. Осы идеяның орындалуына этномәдени орталық ретінде аз да болса үлесімізді қосып келеміз. Қалада өзбек ұлтының өкілдері сондай көп деп айта алмаймын. Дегенмен, бәріміз бірігіп, өңіріміздің дамуына, Отанымыз – Қазақстанның гүлденуіне атсалысып жүрміз.
Шынымды айтсам, осыдан 30 жыл бұрын өзімді өзбекпін деп айтуға ұялатынмын. Неге екенін білмеймін, сондай бір ауыр кезең болды. Ал, қазір ұлтым үшін, туған жерім Қазақстан болғанына қуанамын. Киелі қазақ топырағында дүниеге келіп, ырысты жерде тұрып жатқанымды мақтаныш санаймын. Барлық отандастарымды Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.

Тожибуви МЕДЕТОВА,
«Өзбек мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар