«Дала қырандары» алда болды

Наурыз мейрамы құрметіне Ақмола облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері арасында қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрін насихаттауға арналған «Брейн-ринг» өткізілді.

Ғасырлар бойы Наурыз мерекесіндегі ұлан-асыр тойда ата-бабаларымыз өз өнерлері мен күш-қуаттарын, шеберліктері мен ептіліктерін, мергендіктері мен шапшаңдықтарын паш етіп келген. Мереке күндері көңіл көтеруге жиналған қауым ат жарыстары мен балуандар белдесуінде қиқу салып, бір жасап қалатын болған.
Осы орайда, департамент қызметкерлері арасында өткізілген шараға «Шаңырақ», «Дала қыраны», «Бәйшешектер», «Болашақ» және «Бүркіт» командалары қатысты. «Дала қыраны» командасының капитаны Дархан Молдажан этникалық мәдениет жөніндегі білімділігімен ерекше көзге түсіп, нәтижесінде оның командасы бірінші орынға ие болды. Ал, екінші және үшінші орындарды «Болашақ» пен «Бүркіт» командалары өзара бөлісті.
Ақмола облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар