Макинск қаласындағы құс фабрикасында өрт шықты

Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сәуірдің 29-да сағат 17:34-те Бұланды аудандық ТЖБ кезекшілік бөліміне Макинск құс фабрикасының нөмір 7-ші ғимараты өртеніп жатқандығы туралы хабар түсті.

“Өртті ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 10 адам,   Макинск құс фабрикасының 7 жұмысшысы және мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің 3 қызметкері жұмылдырылды. Қызыл жалын 800 шаршы аумақтықты жарпыды.

Арада 43 минут өткенде өрт сөндірілді. Өрт болған ғимаратта   тауық болған жоқ. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр”, – деді ведомстводан.

Осы ретте, Ақмола облысының Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау керектігін еске салады, өрт болған жағдайда дереу «101» немесе «112» нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар