Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бір кәсіпте – 43 жыл - АРҚА АЖАРЫ

Бір кәсіпте – 43 жыл

Өңір жұртшылығының құрметіне бөленген жандардың бірі – Виктор Иванович Индык. Ол 1977 жылы Омбы политехникалық институтын «Өнеркәсіп кәсіпорындарын электрмен жабдықтау» мамандығы бойынша үздік бітіріп, «Казэлектромонтаж» кәсіпорнында еңбек жолын бастады. Міне, содан бергі 43 жыл бойы еңбек қорғау және сенімділік бөлімінде шебер, аға инженер-инспектор қызметін атқаруда.

Біз кәсіпорында болғанымызда кадрлар бөліміне барып, В.Индык туралы пікірлесіп жатпадық. Өйткені, алдымыздан кездескен кез-келген кісі Виктор Иванович жайлы жылы сөздерін айрықша құрметпен айтып жатты. Өзің бұрын көрмеген адамға қаратып айтылған ыстық ілтипат көңіліңді өсіріп, ол жұмыс істейтін ұжымды да биіктетіп тастайтыны ғажап.

Ортақ пікір мынаған саяды: «Тәжірибелі әрі сауатты маман қай істе болмасын ұсақтық болмайтынын қадағалайды. Бұл Виктор Ивановичтің басты ұстанымы – тәртіпке байланысты. Сондықтан, ол жетекшілік ететін ұжым электр жабдықтарын пайдаланудың кешенді міндеттерін ойдағыдай атқарып, төтенше жағдайлардың орын алмауын қатаң бақылайды. Біз негізінен электр қондырғыларының қалыпты жұмысын қамтамасыз етеміз. Желілік жүйелерді үнемі тексеріп отыру, ақауларды тез арада қалпына келтіру ең алдымен техникалық қауіпсіздік пен өндірістің өзіне тән шарттарын қатаң сақтауға байланысты. Мұндағы баршамыздың арқа сүйеріміз әрі ақылшымыз – аға инженер-инспектор».

Жақсы адамның жүзінде нұр ойнайды. Виктор Ивановичтің жылы сәлемдесуінің өзінен-ақ ішкі жан дүниесі ашылып, өзіне тартып тұрады екен. «Техникалық қауіпсіздік пен еңбек қорғау мәселесі барлық жағдайда маңызды, әсіресе, біздің қызметімізде бұлжытпас қағида саналады…», – дейді ол.
Осы кезде Виктор Ивановичтің қолындағы рация іске қосылып, өндірістік буындардың бірінен шақыру түсіп жатты. Кешірім сұрағандай көзқарасынан көп жағдай аңғарылады. Оның асыға түскенін біз де қалап тұрмыз.

В.Индыктың теориялық терең білімі мен зор жұмыс тәжірибесі кәсіпорындағы ұстаздық қозғалыстың ықпалын арттыра түскені анық. Ұжымға кеше қабылданған жастардан бастап, өндірістік учаскелер мен бөлімдердегі білікті мамандар Виктор Ивановичтің жетекшілігімен тағылымдамадан өтіп, кәсіби машық алғанын айтады. Олардың барлығы өздеріне жүктелген міндеттерді абыройлы атқаруда. Ұстаз мерейі дегеніміз де осы болмақ.

Жуырда 65 жасқа толған Виктор Индыктың ұзақ жылғы жемісті еңбегі жоғары бағаланғаны да қуанышты. Ол өзінің көптеген марапаттары қатарында «Қазақстанның құрметті энергетигі» атағын айрықша мақтан етеді.

Бақберген Амалбек,
журналист.
Көкшетау қаласы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар