Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Бір ғасыр тоғысқан бір түн» - АРҚА АЖАРЫ

«Бір ғасыр тоғысқан бір түн»

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде 18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай, «Бір ғасыр тоғысқан бір түн» атты әдемі танымдық кеш болып өтті. Өңірімізде өтіп жатқан «Рухани қазына 2021» фестивалінің қатысушылары бұл мерекелік кештің сыйлы қонақтары болды.

Музей түні акциясын ұйымдастырушылар фестиваль қатысушылары мен қонақтарын алаңда салтанатты түрде қарсы алды. Аталған мекеменің директоры Қуаныш Шақшақов жиналған қауымды Халықаралық музей күнімен құттықтап, келушілерге алғысын білдірді, музейдің соңғы екі-үш жылдағы елеулі жетістіктері жайлы ақпараттармен бөлісіп, үш күн бойы Көкшетауда өтетін мәдениет пен өнер мерекесінің маңыздылығын атап өтті.

Музейдің кіре-беріс алаңында ұйымдастырылған ретро-дефиле тамашалаушылардың көңілінен шықты. 1941-1945 жылдарға дейінгі кезеңнің сән үлгілері өзіндік стильдік ерекшеліктерімен музей түніне келушілерді тамсандыра түсті. Бұл сән үлгілері кезінде осындай ретро киімдерді киген аға-әпкелеріміздің көзіне оттай басылды. Бұдан әрі келушілер әртүрлі тақырыптағы көрмелер мен театрландырылған жанды экскурсияларды тамашалады. Сонымен бірге, қонақтарға таспадан кино көру мүмкіндігі ұсынылып, би алаңы жұмыс істеді, басқа да қызықты іс-шаралар ұйымдастырылды.

«Бір ғасыр тоғысқан бір түн» саяхаты кезеңінде үш алаң дайындалыпты. Алғашқысында КСРО-ның соғысқа дейінгі тыныс-тіршілігінен сыр шертетін 1920-1940 жылдардағы қалалық саябақ көрсетілсе, кейінгісінде сұрапыл соғыс жылдарын бейнелеген майдан тақырыбындағы «Землянка» көрінісі ұсынылды. Соңғы алаң «Тың және тыңайған жерлерді игеру» тақырыбына арналыпты. Барлық алаңдарда да қонақтардың естелік суретке түсулеріне мүмкіндіктер туғызылды.

Музейге келушілерді тәнті еткен ерекшеліктердің бірі – мекеме ішінде бұрыннан орнатылған тақырыптық экспозиялардағы жәдігерлерді жанды кейіпкерлердің алмастыруы деп атап өтуге болады. Өте сәтті шыққан жанды кейіпкерлерді мәдениет саласындағы колледждерде білім алып жүрген студенттер мен музей қызметкерлері сомдап шықты.

Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суреттерді түсірген
Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар