Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға маусымның 13-де кешкі сағат 20:40 шамасында орын алған. «Шкода Супер Б» көлігінің автожолдың 16 шақырымында айналма жолдан өте бергенде көліктің дөңгелегі жарылған. Салдарынан жүргізуші көлікті басқара алмай «WELKOM BURABAI» жарнамалық жазуына соғылған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ, автокөлікке техникалық зақым келді.
Осыған байланысты 1986 жылғы жүргізушіге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің 610 бабының 1-ші бөлігі «көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.