Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Азық-түлік қауіпсіздігіне үлесімізді қосудамыз - АРҚА АЖАРЫ

Азық-түлік қауіпсіздігіне үлесімізді қосудамыз

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы қаулысымен Балық шаруашылығы қызметкерлері күні шілде айының екінші жексенбісі болып бекітілді.

Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы Есіл бассейнінің су айдындарында балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында іске асыру, бақылау және қадағалау міндетін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлінісі болып табылады.

Инспекция өз өкілеттігін Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімшілік шекаралары шегінде жүзеге асырады. Ақмола облысының әкімшілік шегінде 700-ден астам су айдыны орналасқан. Бұл – салыстырмалы түрде үлкен су қоймалары, шағын су қоймалары, өзендер және жергілікті көлдер тәрізді әртүрлі гидрологиялық нысандар. Су айдындарының басым көпшілігі балық шаруашылығы мақсатында пайдаланылады, өзгесі суда жүзетін құстарды өсіру және демалу орны ретінде қызмет етеді, кейбіреулерінде омыртқасыз жануарлар ауланады.

Балық шаруашылығы су айдындарының тізбесіне енгізілген 561 су айдынының жалпы ауданы 111080,26 гектарды, өзендердің ұзындығы 782,6 шақырымды құрайды. Балық ресурстарын қорғауды балық шаруашылығы субъектілері құрған қорықшылық қызмет жүзеге асырады, онда 334 қорықшы, 240 кәсіпшілік бригадасы, 467 балықшы бар. Облыстағы 561 балық шаруашылығы су қоймасының 325 жануарлар дүниесін пайдаланушыларға 405 су қоймасы бекітілді. Қалған 156 су қоймасы бекітілмеген, яғни, резервтік қорда. Табиғатты пайдаланушылардың балық ресурстарын аулау квотасы 1801,38 тонна. 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап 2021 жылдың 1 шілдесіне дейінгі кезең аралығындағы игерілуі 1622,54 тоннаны немесе 91 пайызды құрады. Өткен жылы Ақмола облысының табиғат пайдаланушылары биыл бекітілген су айдындарына 17 миллион 147 мың теңгенің 28 миллион 431 мың дана әртүрлі балық түрлерінің дәрнәсіл тәрізді жас балық шабақтарын жіберді.

Шабақтарды жеткізумен Зеренді балық шаруашылығы кәсіпорны айналысады. Биыл Ақмола облысында балық шаруашылығын дамытуға бағытталған 2021-2030 жылдарға арналған өңірлік бағдарлама әзірленді. Бағдарлама балық өнеркәсібі қызметінің балық аулау, балық өсіру және қайта өңдеу тәрізді негізгі түрлерін дамытуға бағытталған. Негізгі мақсат – халықты балық өнімдерімен қамтамасыз етудің көрсеткіштерін арттыру және балық шаруашылығын дамыту үшін жағдай жасау. Облыста балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламасы аясында тауарлы балық өндірісінің көлемін 10 308 тоннаға арттыру жоспарлануда, 302-ден астам жаңа шаруашылық және 500 жұмыс орны ашылады. Балық өсірудің субсидиясы 2021-2030 жылдары қарастырылған.

Осы бағдарлама аясында тауарлы балық шаруашылығының жылдық көлемін 10 мың тоннаға дейін арттыру бойынша бірнеше жоба жүзеге асырылуда. Жыл басынан бері инспекция қызметкерлері браконьерлік фактілердің жолын кесу бойынша 658-ден астам рейдтік іс-шара өткізді. Қорытындысында табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 273 фактісі анықталды. 273 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 7 материал сот органдарына, сондай-ақ, құқық қорғау органына 1 іс жіберілді. Құқық бұзушыларға 4 655 529 теңге көлемінде айыппұл салынды. Есіл бассейнінің су айдындарында «Таза су айдындары» табиғатты қорғау акциясын өткізу кезінде 2021 жылдың 1 мамыры мен 31 мамыр аралығында қоқыстан және иесіз аулау құралдарынан тазарту бойынша барлығы 768 адам қатысып, 269 автокөлік, 93 жүзу құралы пайдаланылды. Ауданы 38,34 гектар акваторияда тралдау жолымен 285 иесіз қалған аулау құралдары жиналды, 38,34 тонна қатты тұрмыстық қоқыс шығарылды.

Отандық балық шаруашылығының тұрақты дамуында негізгі рөлді салалық балық шаруашылығы ғылымы атқарады, оның негізгі міндеттерінің бірі балық аулаудың шикізат базасын бағалау болып табылады. Ғылыми мәліметтер негізінде су биоресурстарын өндіру шарттары анықталады, оларды өңдеу технологиялары жасалады. Сондай-ақ, еліміздің су биоресурстарын ұзақ мерзімді және сарқылмайтын пайдалануға ықпал ететін көптеген басқа міндеттер шешіледі. Инспекция саласында көп жылдан бері елеулі еңбек сіңірген Мұрат Шалабай мен Ақан Сыздықты атап өтуге болады. Жеткерген Әбдиев Қазақстан Республикасы Балық шаруашылығының ғылым саласын дамытуға зор үлес қосты. Балықшының жұмысы батылдық пен кәсіпқойлықты қажетсінеді.

Тек рухты адамдар ғана өз өмірін осы қиын әрі құрметті мамандыққа арнайды. Балық шаруашылығы өнеркәсібі біздің еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне маңызды үлес қосады, жұмыс орындарын ашуды және әртүрлі деңгейдегі бюджетке салық түсуін қамтамасыз етеді. Кәсіпорындардың тиімділігін арттыру, балық өнімдерінің ассортиментін кеңейту және өндіріс көлемін ұлғайту үшін көп жұмыс жасалуда. Қол жеткен жетістіктер балық шаруашылығымен айналысатын мыңдаған адамдардың үйлесімді еңбегінің нәтижесі. Барлық кәсіби балықшылардың үйлесімді жұмысын атап өтуге болады.

Олардың ішінде өздерін кәсіби балықшы әрі жауапты және адал балық шаруашылығы субъектілері ретінде көрсете білген «Жалын» серіктестігінің басшысы К.А.Соколов, жеке кәсіпкер А.Б.Тәшенов, «Айдархан» шаруа қожалығының басшысы Ж.А. Тлеубердинов соңғы 10 жылда балық ресурстарының ең көп көлемін игере алды. Олар бұл мамандықты жанындай сүйеді. Салада әлі де күрделі міндеттер аз емес. Бұдан арғы бірлескен үйлесімді жұмыс, бізге барлық кедергілерді еңсеруге және көздеген мақсаттарымызға қол жеткізуге мүмкіндік беретініне сенімдіміз. Бүгінгі мүмкіндікті пайдаланып, әріптестерімді төл мерекесімен құттықтаймын. Оларға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасының амандығын, еңбегінің жемісін тілеймін.

Нығмет ҚАУАШЕВ,
Есіл аймақаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар