Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көкшетау әуежайының өз тарихы бар - АРҚА АЖАРЫ

Көкшетау әуежайының өз тарихы бар

1976 жылдың ақпанында Көкшетауда жаңа аэровокзал ашылды. Ал, жалпы, әуежай 1945 жылдан бері бар болатын. Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумына әзірлік аясында нысанға одан әрі күрделі жөндеу жүргізілді.

Аэропорт жанындағы көлік тұрағы мен қонақүй қалыпқа келтіріліп, жаңа асфальт төседік. 1972 жылы Кеңестер Одағы коммунистік партиясының бас хатшысы Леонид Ильич Брежнев Көкшетауда жаңа ұшу-қону жолағының тұсауын кесті. Алғаш Алматы – Көкшетау – Мәскеу бағытында әуе қатынасы басталды. Қазіргі таңда Көкшетау әуежайы халықаралық деңгейге сай жабдықталған. Мұнда кеден және паспорттық бақылау пункті орналасқан. Ұшу жолағына жасалған реконструкция халықаралық стандарттың бірінші категориясына сай барлық салмақтағы ұшақтарға ұшып-қонуға мүмкіндік береді. 1972 жылы терминал іске қосылып, сағатына 150 жолаушыға қызмет көрсетті. Ұшу жолғының ұзындығы 2 650 метр. Мемлекеттік бағдарлама аясында нысанды күрделі жөндеуден өткізуге бюджеттен қаржы бөлінді. Қазір сағатына 200 жолаушыға қызмет көрсетудеміз. Мұндағы әуе қатынастары негізінен ел ішіндегі бағыттарды қамтиды. Жөндеу жұмыстары аясында ұшу жолы ұзартылды. Әуе көліктеріне арналған 8 тұрақ жасақталып, нысан жолаушыларға арналған телескопиялық траппен қамтамасыз етілді. Қазіргі таңда әуежай үш бағыт бойынша Ақтау – Көкшетау, Түркістан – Көкшетау және Алматы – Көкшетау бағыттарында қызмет көрсетуде. Жолаушылар ағыны артқан кезеңде өзге бағыттар бойынша ұшуды қайта жандандырамыз. Әуе маршруттарын көбейтуге күш салудамыз. Көкшетау мен Бурабай өңірінің туристік тартымдылығын ұтымды пайдалану керек. Карантин талаптары әуе қатынасы саласына елеулі ықпал етті. Бір жылда әуежай 17 мың жолаушыға қызмет көрсетеді. Жаңа бағыт ашудың бірқатар қиындықтары бар. Мұндағы ұшақтар түрлі әуе компанияларына тиесілі. Әуежайдың өз ұшақ паркі жоқ. Сәйкесінше әуе көліктерінің техникалық қауіпсіздігі де тасымалдаушы компанияның жауапкершілігінде.
Айбек КЕТЕБАЕВ,
«Астана халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамының
филиалы – Көкшетау әуежайының директоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар