Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Төтенше жағдайлар саласында тіл мәртебесі ерекше - АРҚА АЖАРЫ

Төтенше жағдайлар саласында тіл мәртебесі ерекше

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі – төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік тіл саясатын кеңінен насихаттау, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту,  тілдерді оқыту әдістемесін жетілдіру, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу және өзге де тілдердің дамуына үнемі қолдау көрсетеді.

Биылғы жылға жоспарлаған жұмыстарымызда басты назар аударатынымыз – тәуелсіз мемлекетіміздің 30 жылдығы. Төтенше жағдайлар министрлігі алғаннан бергі тіл саясатындағы атқарылған елеулі оқиғалардың беттерін тағы да парақтап, болашақта дамытып, жас өрт сөндіруші-құтқарушылардың санасына дарыта білу болмақ.

Тіл – ұлттың  жаны. Тіл жай сөз емес, өмірдің талай сынынан өткен, өскелең талаптарға сәйкес өрістей түскен толыққанды ақиқат десек жаңылмаспыз. Әсіресе төтенше жағдайлар саласындағы тіл мәртебесі ерекше орынға ие. Әрбір өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстарында іс-әрекетті дұрыс орындап, берілген тапсырманы мүлтіксіз орындау үшін тілдің тазалығы және байлығы ерекше орын алады. Тілсіз қоғамның қандай түрі болса да, өмір сүре алмайды.

Құтқарушылар  қоғамындада өз тілі пайда болып өмір сүреді. Демек, қоғамнан тыс бөлек тіл жоқ. Тіл – қоғамның жемісі. Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің мәртебесін биіктетуге өрт сөндіруші-құтқарушылардың ең басты міндетті. Тілдің қай төтенше жағдай сасласындада, қандай төтенше жағдай болсада орны бөлек. Тіл болмаса, тірліктің де мәні жоқ. Тіл туралы терең ойлану өрт сөндіруші-құтқарушылар үшін, ҚР ТЖМ әр қызметкері үшін парыз болып саналады.

ҚР Премьер-министрі Б.Сағынтаевтың “Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы” қаулысына сәйкес, Қазақстан халқы тілдері күні 5 қыркүйекте атап өтілуде. Бұл атаулы күн – «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Барша қазақстандық қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Қазақстан халқының Тілдер күні мерекесін тойлайды.

Осыған сәйкес Көкшетау қаласы №10 өрт сөндіру бөлімінде тілдер онкүндігі және ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілуде. Тіл онкүндігінің аясы жылдан-жылға кеңейіп келеді. Осылайша, бұл мерекеде әр өрт сөндіруші-құтқарушының мәдениетін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын насихаттау, әр қызметкердің тілге деген қызығушылығын арттыру және біздің елімізде тұратын әр ұлттың ерекшелігі мен құндылықтары көрсетіледі. «Игі істің басы – тіл, тәрбие басы – тіл» дейтін болсақ, шынында да игі шаралардың өтуі аса маңызды. Өрт сөндіруші-құтқарушылармен өткізілетін бұл бағыттағы іс-шаралар жалғасын таба бермек.

Көкшетау қаласы №10 өрт сөндіру бөлімінің

қарауыл бастығы азаматтық қорғау

аға лейтенанты Әділет Серік

 

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар