Бурабайда курортында «Өңірлердегі ономастика проблемаларын шешу жолдары» тақырыбында республикалық дөңгелек үстел өтті. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті ұйымдастырған жиында ономастикалық жұмыстарды ұйымдастыратын әдістемелік ұсынымдарды, өзектендірілген «Тарихи тұлғалар» тізімін жұмыс барысында қатаң басшылыққа ала отырып қолдану, сондай-ақ идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулары бар елді мекендер мен олардық құрамдас бөліктерін қайта атау жөніндегі 2022-2025 жылдарға арналған жол картасын іске асыру туралы мәселелер қарастырылды.
Семинарды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Ақан Әбдуәлиев ашып жүргізіп отырды. Күн тәртібіне екі мәселе қаралды. Оның біріншісі ҚР «Ономастика туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының жобасы шеңберінде әзірленген Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне (елді мекендерді, алаңдарды, даңғылдарды, көшелерді, бульварларды атау кезіндегі қоғамдық пікірді ескеру тәртібі) «Тәртіп» жобасын талқылау болса, екіншісі бірігу мәселесі бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктердің атаулары мен геонимдері.
Жиынға Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова, Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы тілдерді дамыту, ішкі саясат және мәдениет басқармаларының өкілдері қатысты.
«Ақмола облысында мұндай республикалық шараны ұйымдастырудың маңызы зор. Биылғы жыл қазақ халқы үшін ерекше. Тәуелсіздікке қол жеткізген және еркін елге айналған халқымыздың ғасырлар бойғы арманы орындалғанына 30 жыл өтті. Бұл біздің егемен еліміз үшін тарихи кезең. Жер, су аттары маңызды зерттеулерді қажет етеді», — деді Айна Мысырәлімова.
2018 жылдан бастап 1000-ға жуық көше мен 30-дан астам елді мекен қайта аталды, ал көптеген нысандар халқымыздың мақтан тұтар азаматтарының есімімен аталды. Мұндай игі істер болашақта да жалғасатын болады.
Биыл 30-дан астам мемлекеттік құрылымды қайта атау жоспарлануда.