Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Құрметті атақ – ардагерлер еңбегінің жемісі - АРҚА АЖАРЫ

Құрметті атақ – ардагерлер еңбегінің жемісі

Жуырда «AQNIET» Қазақстан денсаулық сақтау саласы қызметкерлері салалық кәсіподағының Ақмола филиалы облыстық денсаулық сақтау басқармасы және облыстық көпсалалы ауруханамен бірлесіп, медицина қызметкерлерінің денсаулығын қорғау проблемаларына арналған Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізген болатын.

Осы конференция қарсаңында мен облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың қабылдауында болып, қолға алып жатқан осы шаралардан хабардар еттім. Аймақ басшысының көмек-қолдауы бізге денсаулық сақтау саласы ардагерлерімен кездесу өткізіп, оларға материалдық көмек көрсетуге, сонымен бірге, таңдаулы медицина қызметкерлерін құрметті атақтарымен атап өтуімізге мүмкіндік берді.

Сөйтіп, өткен аптада біздің кәсіподақ филиалы Қарттар айлығы аясында денсаулық сақтау саласына еңбегі сіңген 20 ардагермен кездесу ұйымдастырды. Осы салтанатты шараның барысында ардагерлер қауымына концерттік бағдарлама ұсынылып, дастархан жайылды, сондай-ақ, материалдық көмек көрсетілді. Бұл шараға бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары мен өкілдері, атап айтқанда, Ақмола облыстық «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттері қарайтын «Ақмола-«Тіршілік» серіктестігінің директоры, жазушы-драматург, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиев қатысты.Биыл біздің филиалдың бастамасымен, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, «AQNIET» Қазақстан денсаулық сақтау саласы қызметкерлері салалық кәсіподағының орталық кеңесі және Ұлттық палатаның арасындағы 2020-2022 жылдарға арналған келісімге сәйкес, денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің беделін көтеру, оларды моральдық және материалдық қолдау мақсатында облыстық денсаулық сақтау басқармасының және «AQNIET» филиалы атқару комитетінің бірлескен қаулысымен «Ақмола облысы денсаулық сақтау саласының құрметті қызметкері» құрметті атағының ережесі бекітілді. Осы құрметті атақты алған қызметкерлерге арнайы төсбелгісі тапсырылып, белгілі бір мөлшерде материалдық ынталандыру іске асырылады.

Ардагерлерімізді құрметтеген салтанатты кездесу барысында денсаулық сақтау саласына қосқан өлшеусіз үлесі, халыққа медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырудағы ерен еңбегі үшін бірқатар денсаулық сақтау саласының ардагерлеріне, соның ішінде, Болат Жанәділов, Альберт Өтепов, Серік Аяғанов, Тадеуш Янковский, Мәруар Жұрын, Мария Бабченко, Жұпар Ибраева, Светлана Мұратбекова, Олжабай Байғожин сияқты аға-апаларымызға осы «Ақмола облысы денсаулық сақтау саласының құрметті қызметкері» құрметті атағы берілді. Бұл ардагерлеріміздің есімдері біздің облыс халқына, одан тысқары жерлерге де кеңінен таныс. Сондықтан, ел игілігі жолындағы көп жылғы еңбектері елене түскен осы бір құрметті атақ ол кісілердің өмір бойы елімізге, халқымызға қалтқысыз қызмет етулерінің тағы бір жарқын көрінісі болып табылатындығына дау жоқ.

Осыны айтқанда, жуырда өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында мұндай құрметті атақ көпшілікке кеңінен танымал жерлестеріміз, медицина ғылымдарының докторлары Серік Ыбыраев пен Кенжебек Шайсұлтановқа, сондай-ақ, біздің аймақта денсаулық сақтау саласындағы ірі жобаны жүзеге асырған белгілі дәрігер-ғалымдардың бірі Шахымұрат Исмаиловқа, аймағымызда көп жылдар бойы туберкулезге қарсы шараларды іске асыруға ат салысқан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының директоры Мәлік Әденовке де берілгенін айта кету керек. Осы құрметті атақ иелерінің бәрі де облыс әкімінің қолдауымен белгілі бір мөлшерде ақшалай сыйақыға ие болғаны да аталмыш марапаттың салмағын арттыра түсетіні анық.

Қасымжан ТӘШМЕТОВ,
«AQNIET» Қазақстан денсаулық сақтау саласы қызметкерлері салалық кәсіподағы Ақмола филиалының төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар