2021 жылы Ақмола облысы бойынша «Жомарт жүрек» байқауында туған жерін дамытуда өздерінің игі істерімен белсенділік танытқан және осы қайырымдылық шарасына ауқымды үлес қосқан тұлғалар арасында 5 номинация бойынша төмендегідей 11 жеңімпаз анықталды.
– Александр Яковлевич Гусев, «Агрофирма «Поиск» ЖШС бас директоры, Аршалы ауданы, «Жыл меценаты» номинациясы бойынша;
– Данияр Рашидұлы Сағынаев, «Алмаз Агро» ЖШС директоры, Астрахан ауданы, «Жыл меценаты» номинациясы бойынша;
– «KZ АянБатыр» ЖШС, Бурабай ауданы, «Туған өлке» номинациясы бойынша;
– Қуанышбек Ахмедиұлы Ахмедин, «АКА» ЖШС директоры, Целиноград ауданы, «Туған өлке» номинациясы бойынша;
– Бахтияр Ысқақұлы Ысқақов, «Ушаков АГРО» ЖШС директоры, Егіндікөл ауданы, «Туған өлке» номинациясы бойынша;
– Құралай Ғабдулғамарқызы Жұмабекова, көп балалы ана, «Күміс алқа» иегері, «Ана үйі» қоғамдық қорының «Дом мамы» кризистік орталығының координаторы, Көкшетау қаласы, «Жыл тұлғасы» номинациясы бойынша;
– Джавншир Гасан-оглы Меджидов, меценат, Жарқайың ауданы, «Жыл тұлғасы» номинациясы бойынша;
– Бақытжан Мұратқызы Нұрақышева, «Айыртас» ЖШС директоры, Целиноград ауданы, «Жыл тұлғасы» номинациясы бойынша;
– Данияр Салауатұлы Тоқтарбаев, «Фонд устойчивого развития территорий бизнеса» корпоративтік қорының директоры, Бұланды ауданы, «Жылдың үздік ұйымы» номинациясы бойынша;
– Дастан Кеңесұлы Әубәкіров, «Тугел-Аубакир и К» ЖШС директоры, Жақсы ауданы, «Жылдың үздік ұйымы» номинациясы бойынша;
– Ерсайын Дулатұлы Жақсылықов, «Гормолзавод» ЖШС директоры, Көкшетау қаласы, «Жылдың үздік қамқоршысы» номинациясы бойынша.
Биылғы жылдың 25-29 қазан аралығында «Жомарт жүрек» сыйлығының жеңімпаздарын республикалық денгейде анықтау мақсатында https:/ruh.kz сайтында онлайн дауыс беру өткізіледі.
Ерлан Мұхамедияров,
Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының
«Рухани жаңғыру» ӨЖК басшысы.