Ақмола облысында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы үздік журналистік жұмыстарға байқау өтті.
Іс-шараны облыстық ішкі саясат басқармасы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аумақтық департаменті ұйымдастырды.
Байқаудың негізгі мақсаты — сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қоғам мен журналистердің назарын аудару, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін кеңінен және объективті жария еткені үшін БАҚ өкілдерін көтермелеу.
Журналистика ардагерлері мен жұртшылық өкілдері кірген конкурстық комиссия ұсынылған материалдарды қарау кезінде мәселені талдаудың тереңдігі мен толықтығына, баяндау стиліне, авторлық ойдың дербестігіне және материалды беру ерекшелігіне назар аударылды.
Байқау қорытындысы бойынша «Үздік телевизиялық жұмыс» аталымында «Қазақстан» РТРК АҚ облыстық филиалының орыс редакциясының шеф-редакторы Сәния Көпжасарова жеңіп алды. «Үздік баспа басылымы» аталымында бірінші орынды «Бурабай» газетінің редакторы Жеңіс Оспанов, ал «Үздік интернет-жарияланым» аталымында «ҚазАқпарат» ХАА-ның аймақтағы меншікті тілшісі Аслан Оспанов жеңіп алды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұқаралық ақпарат құралдары билік пен қоғам арасындағы белсенді диалог алаңы қызметін атқара отырып, халықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іске асырылып жатқан барлық бастамалар мен іс-шаралар туралы хабардар етуге көмектеседі. Цифрландыру дәуірінде БАҚ-пен сенімді серіктестер ретінде тығыз және берік қарым-қатынас азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудағы маңызды басымдықтардың бірі болып табылады.