Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақкөлде батыр жерлесіміздің музейі ашылды - АРҚА АЖАРЫ

Ақкөлде батыр жерлесіміздің музейі ашылды

Еліміз егемендік алғанына 30 жыл толып отыр. Елбасы айтпақшы, егемендікті алудан, оны сақтап қалу өте қиын. Шекарамызды бекемдеу керек, оны қорғау үшін қуатты әскеріміз болуы қажет. Әр республика жеке мемлекет болғаннан кейін өздеріне қажет әскери техникаларды, тәжірибелі мамандарын, командирлерді өздеріне тарта бастады, әсіресе, Ресей басшылары.

Бұрын бір мемлекет болып отырған кезде бәрі араласып жатты. Бөлінгеннен кейін көптеген республикада әскери техника мен кадр тапшылығы айқын байқалды.
Біздің елімізде де сондай жағдайда болды. Осыған ұйымдастыру қабілеті жоғары қолбасшы қажет болды.

Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев бұл қызметке лайықты деп біздің жерлесіміз, Кеңес Одағының Батыры Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовты таңдап алды. Міне, осы кезеңнен бастап, Сағадат ағамыз өзінің мол тәжрибесін, шет елдердің армия басшыларымен жақын таныстығын пайдалана отырып, әскерімізді аяғынан тік тұрғызуға көп еңбек сіңірді. Сол жерлесіміздің елі «Еңбек» ауылы.

Осыдан екі жыл бұрын аудан әкімімен ақылдаса отырып, батыр ауылының атына заты сай болуы үшін біраз шаралар белгіленді. Облыс әкімінің көмегінің арқасында мектеп пен мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтті. Автобаннан ауылға дейінгі жол асфальттанды. Автобан бойына бильборттар орнатылды. Орталық көше жарықтандырылды. Осы шаралар барысында мәдениет үйінде сол жерлесімізге арналып музей ашу белгіленген болатын.

Аудандық мәдениет бөлімі сол жұмысты мейрамның қарсаңында аяқтап, таяуда музейдің ашылу салтанаты етті. Салтанатқа Ақкөл ауданының басшылары, еңбек ардагерлері, оқушылар (суретте) қатысты. Бірінші болып сөз алған аудан әкімі Ю.Курушин батырдың еңбек жолына тоқтала келіп, бұл жұмыстың басы ғана екендігін, алдағы жылы жалғасын табатындығын қадап айтты.

Аудандық ардагерлер ұйымының төрайымы Айжан Кенжебайқызы Сағадат ағамыздың туған еліне жиі келіп тұрғандығын, жерлестерін, замандастарын ұмытпай, олармен жастық шақтарын еске алып әңгіме-дүкен құрғандығын тілге тиек етті. Оқушылар жерлестеріне арнап тақпақ оқып, домбырамен күйлер шертті.

Музейдің лентасы қиылып, қатысушыларға экспонаттар мен батырдың әр кезеңдегі әскери еңбектері таныстырылды. Осы музейдің ашылуын егемендіктің 30 жылдығы қарсаңындағы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовке арналған үлкен құрмет деп есептедім.

Белгіленген шаралар бойынша келесі бір міндет – ағамыздың атындағы көшені күрделі жөндеуден өткізіп, мәдениет үйінің алдына бюстін орнату. Бұл жұмыстар алдағы жылы орындалып, келетін қонақтар мен туристер ауылды одан сайын жаңарған күйінде көреді деп ойлаймын. Олай болса, іске сәт!

Еркін Дәуешұлы,
Ақкөл ауданының құрметті азаматы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар