Ақмола облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Зеренді ауданының 12 жастағы тұрғыны желтоқсанның 22-де сағат 12:00 шамасында Көкшетау медициналық диспансерінің ғимаратында болғанда анасынан қашып кеткен.
“Сол күні сағат 19:00 шамасында жоғалған кәмелетке толмаған Болат Бекдәулетті Көкшетау қаласы полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Жанат Шәріпов тауып, ата-анасына тапсырды. Бала анасымен ұрысып, қашып кетті. Бала “Бурабай” спорт кешенінің жанындағы аялдамадан табылды. Қазіргі уақытта баланың өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ”, – деп түсіндірді департамент.
Кәмелетке толмаған баланы іздеуге 150-ден астам полиция қызметкері, оның ішінде 11 криминалдық полиция қызметкері, 23 ювеналдық полиция тобының қызметкері, учаскелік инспекторлар және патрульдік полиция батальонының жеке құрамы жұмылдырылды.