Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Менің елім, менің жерім!» - АРҚА АЖАРЫ

«Менің елім, менің жерім!»

Осындай тақырыпта Көкшетау қаласындағы «Достық» үйінде Ақмола облыстық «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен өткен онлайн байқаудың жеңімпаздарын марапаттау салтанаты болып өтті.

18-25 жас аралығындағы жастар қатысқан байқаудың басты мақсаты – еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, жас ұрпақтың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімдерін ояту, елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге тәрбиелеу болып табылады. Сөз додасына қатысушылар тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған төл туындыларын жатқа айтып, шығарылған өлең тақырыбына сай бейнеролик жасауы керек болатын.

Қазақстан Жазушылар одағының Ақмола облыстық филиалының төрағасы Мерген Тоқсанбай бастаған қазылар алқасының шешімімен жүлделі бірінші орынды Мәлік Ғабдуллин музейінің қызметкері Оралбек Нүріш жеңіп алды. Жүлделі екінші орынды Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Абылайхан Әшімхан иеленсе, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенті Мерей Бектұр үшінші орыннан көрінді.

Сонымен қатар, Біржан сал атындағы Көкшетау музыкалық колледжінің студенті Мұхаметжан Айдынбек, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің студенті Дина Тоқтасын және Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенті Ақбота Мұхаметбековаға ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар