Бүгінде мемлекеттік қызметке орналасқысы келіп жүрген дарынды жастар қаншама? Жоғары оқу орнын жаңа бітірген жастар мемлекеттік қызметке барғысы келсе не істеуі керек? Қандай талаптар қойылады? Қабылдау қалай жүргізіледі?
Мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданатын және жұмыс тәжірибесі жоқ үміткерлер өз кәсіби қызметін тек төменгі лауазымдардан бастайды. Бұл ретте, ҚР азаматына лауазымға тұру үшін бірнеше кезеңнен өтуі қажет.
Бірінші кезең тестлеуден өту. Тестлеуге қатысу үшін «Б» корпусының лауазымына кандидат тестлеу күніне дейін бір күнтізбелік күнен кешіктірмей электронды үкімет веб порталы арқылы бекітілген нысан бойынша өтініш береді. «Б» корпусының лауазымына кандидат тестлеудің күнін және уақытын тестлеу өткізуге бар бос орындар негізінде таңдайды. Тестлеуге жазылу электронды үкімет веб порталында қалыптастырылатын нысанда тестлеу күні, уақыты және өту орны көрсетілген қолхатпен расталады. «Б» корпусының лауазымына кандидат, ҚР мемлекеттік тілі мен заңнамаларын және жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестлеуден өтеді. ҚР заңнамасын білуга арналған тестлеуден шекті мәндерінен төмен емес нәтиже алған кандидатқа тестлеуден өткендігі туралы сертификат беріледі.
Екінші кезең, мемлекеттік органда әңгімелесуден өту. Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жарияланған мемлекеттік органның немесе уәкілетті органның интернет ресурстарындағы хабарландырулар мен танысуы тиіс. “Б” корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкiмшілiк лауазымына орналасуға конкурс жариялау екі кезеңнен, ішкі және жалпы конкурстардан тұрады.
Ішкі конкурсқа осы мемлекеттік органның, оның ведомствосының, аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері қатысады. Ал, жалпы конкурсқа мемлекеттік қызметке алғаш рет және мемлекеттік қызметте бұрын істеп қайта қабылданатын азаматтар қатысады.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі 7 жұмыс күні, ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер келесі құжаттарды ұсынады. Өтініш, 3х4 үлгідегі түрлі түстегі сурет пен нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі, білімі туралы құжаттар мен олардың нотариалды куәләндырылған қосымшалары, еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмесі, құжат тапсырылғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген денсаулығы туралы анықтама, ҚР азаматының жеке басын куәләндыратын құжаттың көшірмесі, заңнаманы білуіне тестлеуден өткені туралы сертификат, уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өткені туралы қорытынды, психоневрологиялық және наркалогиялық ұйымның анықтамасы.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде мемлекеттік органда өтеді. Бұл ретте, әңгімелесудің мақсаты кандидаттардың кәсіби және жеке қасиеттерін бағалау болып табылады.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Конкурс комиссиясының шешімімен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі, конкурс өткізілгенен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның интернет ресурстарында орналастырылады.
Раман Кащиев,
Ақмола облысы бойынша
Соттар әкімшісінің персоналды басқару
бөлімінің басшысы.