Өңірде 100-ден астам елді мекенді су басу қаупі бар

Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, облыста 100-ден астам елді мекен су басуы мүмкін аймақта орналасқан. Сәуір айының басында аймақта ауа райының күрт жылынуы және қардың еруі күтіледі. Құтқарушылар қауіпті аймақтардағы өзендердің бетінде мұз жару жұмыстарын жүргізуде.

Осы ретте, әкімдіктер мен жергілікті атқарушы органдардың дерегі бойынша, ықтимал көктемгі су тасқынының зардаптарын жою үшін  2 мың 153 адам, 983 бірлік техника, 151 мотопомпа және 35 жүзу құралы әзірленіп отыр. Бұдан бөлек, ТЖД жеке құрамынан 445 адам, 84 техника, 94 мотопомпа және 12 жүзу құралдары дайындалды. Атбасар, Астрахан, Целиноград және Аршалы аудандарында жағдай шиеленіскен жағдайда қосымша күштер тартылатын болады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар