Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Есірткіні заңсыз тасымалдаумен айналысқандарға үкім шығарылды - АРҚА АЖАРЫ

Есірткіні заңсыз тасымалдаумен айналысқандарға үкім шығарылды

Ақмола облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында аса ауыр қылмыс-психотроптық және есірткі заттарының заңсыз айналымын жасаған трансұлттық қылмыстық топқа қатысты үкім шығарылды. Олардың қызметінің нәтижесінде 800 миллионнан астам теңге өндіріліп, заңдастырылды.

Степногорскіде алты қазақстандық пен Ресей Федерациясының бір азаматы есірткі зертханасын ашқан. 2018-2020 жылдар аралығында олар Ресей аумағынан психотроптық және есірткі заттарды сатып алып, контрабандалық жолмен Қазақстанға әкелген. Қылмыстық топ аса ірі мөлшерде есірткіні заңсыз тасымалдаумен, сақтаумен және сатумен  айналысқан.

Ақмола облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Торқалы Бектұрсынов:

 –   Бес  сотталушы өз кінәсін мойындап, жазаны ішінара жеңілдетуді сұрады. Ал, қалған екеуі кінәсін мойындамай, ақталып шыққылары келді. Бұл жағдайды  біз толық зерттедік. Қылмыстық іс материалдарымен, сараптама қорытындылары олардың кінәлі екендерін растады. Сотталушылар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 266-бабы 2-бөлігі, 3-бөлігі 286, 4-бөлігі 297, 3-бөлігі 218 және 3-бөлігі 296-баптары бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды, – деп мәлімдейді. 

Осылайша қылмыстық топтың төрт мүшесі 17 жылға бас бостандығынан айырылса, қалған үшеуі сәйкесінше 15,10 және  9 жылға сотталған.  Сондай-ақ, қылмыстық жолмен алынған мүлікті тәркілеу жұмыстары жалғасуда.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар