Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Заң үстемдігі орнығуы керек - АРҚА АЖАРЫ

Заң үстемдігі орнығуы керек

Жабал Ерғалиев,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін (26 сәуір 2022 жыл) «Amanat» партиясының кезектен тыс XXIII съезінде сөйлеген сөзінде «Жаңа Қазақстан дегеніміз – шын мәнінде Әділетті Қазақстан. Азаматтарға әлеуметтік әділдік жетіспейтінін мойындайықшы.

Қарапайым халықтың мүддесі үнемі елене бермейді, кейде, тіпті әділетсіздік мемлекеттік аппарат өкілдері тарапынан да жасалып жатады. Азаматтардың мемлекеттік мекемелерге сенімсіздігі осыдан туындайды», – деп халықтың алаң көңіліндегі сөзін айтты.

«Жаңа Қазақстан дегеніміз – шын мәнінде Әділетті қоғам!»  деп Қасым-Жомарт Тоқаев осы бір ауыз сөзімен Жаңа Қазақстанның не екендігіне әділ әрі орынды жауап берді.

Ендігі арада «Жаңа Қазақстан не дегенімізде ол – Әділетті Қазақстан!» деп жауап береріміз анық және де Қазақстанда жүргізілуге тиісті саяси реформалардың барлығы да осы Әділетті Қазақстан орнату арнасына тоғысуға тиісті. Президентіміз «Азаматтарға әлеуметтік әділдік жетіспейтінін мойындайықшы!» деуінің өзі Әділетті Қазақстан құрудың алғашқы ой тастар сөзі деп түсінемін.

Рас, бізге әлеуметтік әділдік жетіспейді! Бұл ақиқат! Тәуелсіздіктің отыз жылында қоғамды  жайлап алған әділетсіздіктің қырсығынан жемқорлық, пара алу, таныс-тамырлық дендеп кетті. Халықтың билікке, сотқа, өзге де құқық қорғау орындарына деген сенімсіздіктері күшейді.

Адалдығы жоқ қоғамның өзінен де, сотынан да әділдік іздеудің өзі бекершілік екендігіне әбден көздері жеткен қарапайым халық лажсыздан көшелерге шықты, бұрынғы «Nur Otan» партиясының ғимаратына келіп өздерін өздері жағып жібергендер де болды. Ашынған халықтың кегі наразылықтарға ұласты. Соңы қаңтар айында болды!

Жаңа Қазақстан құрамыз деп ұрандай бастағандар да бар. Сабыр! Енді міне, жаңа Қазақстан құру үшін Әділдік орнығуы керек! Әділдік орнығуы үшін Заң үстемдігі орнығуы керек! Және де қоғамда орын алып отырған Жемқорлықты жою басты міндет болса керек!

Біз алдағы уақытта саяси реформалардың басты нысаны –
Конституцияға өзгерістерді ойланып барып жасасақ етті. Бұл орайда, Қасым-Жомарт Тоқаевтың «жер және оның қойнауындағы байлықтың иесі халық болуы керек» дегені көңілге қонады. Конституциямызда осылай жазылса, алдағы күндері Қазақстанның жер қойнауының байлығынан (мұнай, газ, алтын, өзге де қазба байлықтар) түскен пайдадан қазақтың жаңа туған баласынан бастап, әр қазақстандыққа үлес (бонус дей ме?) төленер күн де туары анық.

Президентіміз «АMANAT» партиясының  мүшесі болудан  бастап, осы партияның лидері болудан да  арылды. Орынды! Президент барша қазақстандықтардың бостандықтары мен тең құқықтығының кепілі! Әділдіктің алғашқы қадамын  Президентіміздің  өзі бір партияның ғана лидері болудан бас тартуы арқылы жасап отыр.

Әділ Қазақстан орнату үшін әрқайсымыз әділ де адал болайық! Адами қарым-қатынаста болсын, атқарып отырған қызметімізде болсын әділ де адал болайық! Адал болсақ, әділ болсақ қоғамдағы түрлі келеңсіздіктерді жоя аларымыз анық. Осы әділдікті орнату арқылы ғана халықтың сенімін оята аларымыз анық. Осы орайда жуырда Ақордада өткен ауызашарда сөйлеген сөзінде Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Ниет түзу болуы керек» деп еді. Ең әуелі ниетімізді түзейік. Ол үшін Ұлттың жаңа болмысын қалыптастыру жұмыстары үзбей жүргізілгені де абзал.

«АMANAT»-тың жұмысын бұрынғы партияның үрдісімен «шоуға» айналдырып алмау керек. Президент айтқанындай «АMANAT» нақтылы іс партиясы болса ғана, сенімге ие болары анық.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар