Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бестөбедегі «алтын» шахтада тағы бір адам көз жұмды - АРҚА АЖАРЫ

Бестөбедегі «алтын» шахтада тағы бір адам көз жұмды

– Ақмола облысында Бестөбе кентіндегі алтын өндіру шахтасы аумағында тағы бір адам көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша, СҚО тұрғыны шахтаға заңсыз кіру барысында жарақат алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 тамызда Степногор қалалық полиция басқармасына Бестөбе кентіндегі «Западная» шахтасының аумағында Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының 23 жастағы тұрғыны көз жұмғаны туралы хабарланды.

«Алдын ала анықталғандай, ер адам шахтаға заңсыз кіру кезінде жарақат алып, мерт болған. Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 269-1-бабы 3-бөлігі («Күзетілетін объектіге заңсыз кіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қылмыстық істі тергеу аясында сот-медициналық сараптама тағайындалды», — деді ведомстводан.

Айта кетейік, Ақмола облысындағы Бестөбе шахтасында жұмыстар бір жылдан бері тоқтап тұр. Алайда, кенішке заңсыз еніп, алтын өндірісімен айналысушылар тыйылмай отыр. Бұл, қайғылы жағдайларға әкеп соғуда. Мәселен, 22 шілдеде Бестөбе алтын кенішінде ер адамның денесі табылды. 25 шілдеде тағы бір адамның мәйіті мен зардап шеккен бір адам анықталды.

Осыған орай, «Алтыналмас АК» АҚ-ның басшылығы шахтаға өз бетімен түсетін адамдардың өміріне алаңдап, нысаннан дереу шығуды сұраған болатын. Сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 334-бабы бойынша жер қойнауын өз бетінше пайдаланғаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын, заң бұзған адамдар 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін еске салды. Ал Қылмыстық кодекстің 269-1-бабында күзетілетін аймаққа заңсыз кіргендерге 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза ескерілген. Осы кодекстің 295-1-бабына сәйкес бағалы металдар, асыл тастар, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын заңсыз саудалағандар 7 жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар