Ақмола облысы әкімдігінің жанынан аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері қатарынан облыс әкімінің кадрлар резерві құрылатын болады. Бұл елдегі алғашқы аймақтық жобалардың бірі. Негізгі мақсаты — көпфункционалды міндеттерді шешуге қабілетті және мемлекеттік басқару моделін іске асыру үшін қажетті құзыреті бар басшылар пулын қалыптастыру.
Конкурстық комиссияның құрамына облыс әкімі аппаратының және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола филиалының өкілдері кірді.
Үміткерлердің жобалық жұмыстарын іріктеу кезеңі басталды. Жобаларды қорғау қорытындысы бойынша 39 қатысушыдан 25 адам сұхбатқа жіберілді. Келесі кезеңде әңгімелесу және құзыреттерді бағалау жүргізіледі, оны үміткерлер Мемлекеттік басқару академиясының филиалында оффлайн форматта өтеді.
Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі