Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Табиғат жанашырлары тазалық сенбілігіне шықты - АРҚА АЖАРЫ

Табиғат жанашырлары тазалық сенбілігіне шықты

Облыс орталығы маңындағы Краснояр кентінде Ақмола облысының жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған «Табиғатта қоқысқа орын жоқ» экологиялық акциясы өтті.

Қылшақты өзенінің жағалауы тұрмыстық қалдық: бөтелкелер, майлықтар, бір реттік ыдыстар және басқа да қоқыс атаулымен әбден ластанған екен. Акцияға Краснояр ауылындағы емхана ұжымы да қатысты. Жастармен бірлесіп, медицина қызметкерлері барлық қоқыстарды жылдам жинап, оларды әртүрлі қоқыс дорбаларына сұрыптады. Белсенділер қауымы өңір тазалығы үшін жасалып жатқан игі жұмысты абыроймен аяқтауға тырысты. Тіпті көзге көрінбейтін ұсақ қоқыстардың да көзін жойып, өзен айналасын жайнатты.

Эко-акцияны ұйымдастырушы, облыстың жастар ресурстық орталығының  басшысы Мансия Есекееваның айтуынша, бүгінгі таңда эко мәдениет халық арасында айтарлықтай өсуде, қоғам саналы түрде табиғат тазалығына алаңдап, әрекет қылатын болған.

–Бүгін Краснояр ауылының медицина қызметкерлерімен бірге біз акцияға шығып, барлық қоқыстарды жинадық. Акция бүкіл өңір аумағында жалғасын табады. Бұл іске аудандардағы әріптестеріміз де үлес қосады. Біздің еріктілер тобы экология департаментімен тығыз жұмыс істейді. Бүгін ауа райы да тамаша және осылай қыс түскенше, біз күн сайын қала мен ормандарды қыс мезгіліне дайындаймыз. Экологиялық іс-шаралардың санын көбейту жоспарда бар.

Бұл ағаш отырғызу, орман алқабы мен қала көшелерін қоқыстардан тазарту сынды жұмыстар. Жақында біз Көкшетау жағалауының аумағын тазарттық, қоғамның эко-мәдениеті артып, табиғат пен туған қалаға ұқыпты қарайтын жауапты адамдар көбейіп келеді. Біз барлық қазақстандықтарды туған жеріне бейжай қарамауға және оны ластанудан қорғауға шақырамыз, – дейді Мансия Мұхтарқызы.

Сенбілікті ұйымдастырушылардың бірі, қаланың таза болуы әр тұрғынның санасына байланысты деп есептейді.

–Мұндай іс-шараларды жиі өткіземіз. Біз өзіміз табиғат үшін алаңдаймыз, туған қала тазалығына бейжай қарай алмаймыз. Облыс бойынша 20 Жастар орталығы мен 80 адамнан тұратын еріктілер тобы жұмыс істейді. Қыста біз көшелерді қардан тазартамыз. «Таза Әлем» жобасы рейтингінің қорытындысы бойынша Ақмола облысы тазалық деңгейінен бірінші орында. Мен «Эко жас» жобасын өткізіп, оқушылармен жұмыс істедім. Өкініштісі, сейілден кейін өзінің отырған жерін тазалауды білмейтін ересектер де бар, –дейді Ақмола облысының еріктілерді қолдау орталығы фронт-офисінің басшысы Дастан Ермеков.

Өлке табиғатының тазалығына бейжай қарамайтын белсенділердің көп болғаны жанды жадыратады. Мысалы, пациенттерді қолдау қызметінің медбикесі Анар Құлтасова қоршаған орта тазалығын үнемі қадағалап отыру қажет деп санайды.

–Краснояр кенті емханасының ұжымы болып жағалау аумағын тұрмыстық қоқыстардан тазартуға шықтық. Бұл жер ауыл тұрғындарының сүйікті демалыс және балық аулау орындарының бірі. Біз табиғатымыздың қоқысқа толып, демалушылардың  денсаулығына кері әсерін тигізгенін қаламаймыз, – дейді табиғат жанашыры.

Айта кету керек, өңірде эко еріктілер саны көбейіп келеді, олар бұл жұмысты қыста да тоқтатпауды жоспарлап отыр.

Камила ӘБДЕЛМАНОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар