Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мемлекеттік қызмет Заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол берілмеуі тиіс - АРҚА АЖАРЫ

Мемлекеттік қызмет Заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол берілмеуі тиіс

Қазіргі таңда мемлекеттік қызметшілердің қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жұмыс тәртібін ұстануы өзекті мәселе. Мемлекеттікқызметшілер аптасына 40 сағаттан аспайтын жұмыс тәртібін сақтауы тиіс.

Бұған дейін мемлекеттік қызметтегі заңсыз үстеме жұмысқа тарту мәселесін қадағалауды жергілікті атқарушы орган болып табылатын Еңбек инспекциясы басқармасы жүзеге асырса, қазіргі таңда бұл функция Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі мен оның аумақтық департаменттеріне берілді.

Мемлекеттік қызметшілерді заңсыз үстеме жұмысқа тарту мәселесіне мониторингті департамент тұрақты түрде жүргізіп келеді.Жүргізілген мониторингтің қорытындысы бойынша өткен жылдың өзінде мемлекеттік қызметшілердің 500 сағаттан асатын үстеме жұмысқа тартылғаны анықталды.

Аталған мәселенің өзекті екенін ескере отырып, Агенттік ағымдағы жылдың сәуір айында мемлекеттік қызметшілер үшін қашықтықтан жұмыс, икемді жұмыс уақыты режимін қолдану және жұмыс уақыты режимін сақтауға мониторинг жүргізу қағидаларын бекітті.

Қашықтықтан жұмыс немесе аралас қашықтықтан жұмыс істеуді уәкілетті адам төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген, төтенше жағдай жарияланған не өзге де шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген кезеңде, сонымен қатар, еңбек заңнамасына сәйкес жұмыскерлердің өміріне немесе денсаулығына қатер төндіретін басқа да айырықша жағдайларда белгілеуі мүмкін.

Мемлекеттік органда икемді жұмыс уақыты режимін келесі жағдайларда белгілеуге болады:

1.Мүгедектігі бар, жүкті болып табылатын, он төрт жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған, мүгедектігі бар балалары, оның ішінде асырап алған балалары бар (қорғаншы болып табылатын) жалғызбасты ата-ана, көпбалалы ата-ана (қорғаншы) болып табылатын немесе асырауында қарт ата-аналары бар мемлекеттік қызметшілер және жүкті әйелдер үшін;

  1. Мемлекеттік органның орналасқан жерінен алыс жерде тұратын адамдар үшін;
  2. Жұмыскердің жұмыс уақыты режимін сақтауы дәлелді себептер бойынша мүмкін болмайтын өзге де жағдайларда.

Икемді жұмыс уақыты режимін қолдану кезеңі алты айдан аспауы тиіс. Тараптардың келісімі бойынша икемді жұмыс уақыты режимін қолдану кезеңі ұзартылуы мүмкін.Қашықтықтан жұмыс, аралас қашықтықтан жұмыс, икемді жұмыс уақыты режимдері белгіленген жұмыскерлерге келесі талаптар қойылады:

– Жұмыскер мемлекеттік қызмет, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңнаманы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін және мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулерді сақтауы қажет.

– Жұмыскер жұмыс орнынан тыс жерде лауазымдық міндеттерін орындау кезінде өзінің қауіпсіздігі, жұмыс үшін жасалған қажетті жағдайлар және басқалар үшін дербес жауапты болады.

– Жұмыскер өзінің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

Департамент алдағы уақытта аталған Қағидалардың мемлекеттік органдарда кеңінен қолданылу мәселесіне қатысты кеңауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізетін болады.

Дархан ХАЙРУЛЛИН,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша
департаменті басшысының орынбасары.
 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар