Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай маусымның 11-да болған. Әйел Бурабай ауданына Астанадан отбасымен келген. Бөлектау тауының шолу алаңында суретке түсу кезінде 15 метр биіктіктен құлап кеткен. Салдарынан тасқа соғылып, көз жұмды.
Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды, оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Полиция қызметкерлері өңір тұрғындары мен қонақтарына сақ болуға және қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.