Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Субсидияларды алу тәртібі туралы - АРҚА АЖАРЫ

Субсидияларды алу тәртібі туралы

«Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау» бойынша жыл сайын мемлекеттік қызмет көрсетіледі (сары май және қатты ірімшік).

Субсидиялар өңдеуші кәсіпорындарға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден, ауыл шаруашылығы кооперативтері мен дайындаушы ұйымдардан ауыл шаруашылығы өнімдерін ағымдағы жылы және алдыңғы жылдың төртінші тоқсанына сатып алуға кеткен шығындар үшін төленеді.

Өтінімдерді қабылдау субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі (СМАЖ) Gosagro.kz арқылы өңдеуші кәсіпорынның тіркелген жері бойынша тиісті жылдың 1 сәуірінен бастап 10 желтоқсаны (қоса алғанда) аралығында жүзеге асырылады.

1) өңдеуші кәсіпорындардың «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық түрде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялауға арналған өтінім беруі.

«Электрондық үкіметтің» веб-порталы мен субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің ақпараттық өзара іс-қимылы «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады;

2) өңдеуші кәсіпорын берген және ЭЦҚ қойылған өтінімнің субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркелуі;

3) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі мен электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінің ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде өңдеуші кәсіпорынның ауыл шаруашылығы өнімін сатып алғанының расталуы (ауыл шаруашылығы өнімін жеткізушінің алдыңғы жылдың төртінші тоқсанынан ерте емес шығарып берілген тиісті электрондық шот-фактурасының болуы). 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 2 жұмыс күні.

Субсидияларды алу тәртібі туралы толығырақ ақпарат облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының www.ush.akmo.gov.kz сайтында орналастырылған.

Барлық сұрақтар бойынша 8 (7162) 90-30-29 телефонына хабарласуға болады.

М. ХОЖАБАЙ.
 Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және
жер қатынастары басқармасының бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар