Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
20 миллионыншы сәбилер сыйлаған қуаныш - АРҚА АЖАРЫ

20 миллионыншы сәбилер сыйлаған қуаныш

Елімізде өткен аптада 20 миллионшы қазақстандық жас сәбилер дүние есігін ашып, сол сәбилердің отбасы мүшелері, туған-туыстары, жақындары мен жерлестері ғана емес, күллі қазақ жұрты ақ түйенің қарны жарылды деп қуануда.

Бала – адамның өмір гүлі, көз нұры емес пе?! 20 миллионшы тұрғындардың бірінен соң бірі өмірге келіп жатқаны – елімізде демографиялық ахуалдың көтеріліп келе жатқандығының жарқын көрінісі. Көкшетауда бұл күні 12 ана босанып, тоғыз ай бойы күткен сәбилерін құшақтарына басты.

Еліміз халық саны осы мерейлі межеге жетті деп арқа-жарқа болып, қуанып жатқанда облыстық әкімдік жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жанындағы іскер әйелдер кеңесімен бірлесіп, Көкшетау қаласындағы облыстық перинаталдық орталыққа барып, 20 миллионыншы сәбилерді дүниеге әкелген жас аналарды құттықтады.

– Біз сіздерді ең алдымен сәбилі болған қуаныштарыңызбен құттықтаймыз! Екіншіден, еліміздің демографиялық өсуіне қосып жатқанүлестеріңізге алғыс білдіреміз. Сәбилеріңіз бен өздеріңіздің денсаулықтарыңызды күтіңіздер, – деп жоғарыда аталған іскер әйелдер кеңесінің мүшесі Әсемгүл Мұстафина ақжарма тілегін жеткізген соң,  дүниеге келген 13 баланың анасына тербетілетін шезлонгтар сыйға тартылды.

– Біз мұндай құттықтауларды күтпеп едік, сондықтан, әрине, жылы лебіздеріңізге қуаныштымыз. Оның үстіне біздің отбасымызда егіздер туып, одан бетер ерекше күй кешудеміз, – деді екі бірдей ұлды дүниеге әкелген Зеренді ауданы Қонысбай ауылының тұрғыны, «Жұлдыз» шағынорталығының тәрбиешісі Райхан Ыбыраева.

Айта кетер болсақ, ағымдағы жылғы қарашаның 1-і мен 16-сы аралығында облыс орталығындағы перинаталдық орталықта 190 бала туған екен, олардың 115-і ұлдар, 75-і қыздар. Олай болса, жақсы күнде өмір есігін ашып, 20 миллионыншы тұрғындардың қатарын толықтырған сәбилердің бауы берік болсын!

Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар