Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
2024 жылға арналған жұлдыз жорамал - АРҚА АЖАРЫ

2024 жылға арналған жұлдыз жорамал

Тоқты                                         

2024 жыл мүмкіндігі мол жыл ретінде қызметте көтерілу немесе кәсібіңізді кеңейтуге қолайлы болады. Бұл жұлдызда туғандар үшін жыл даму жылы болмақ. Мүмкіндігі мол жыл қызметте көтерілу немесе кәсібіңізді кеңейтуге қолайлы болады. Асқан құлшынысыңыз армандаған оқуыңызға түсуге немесе саяхатқа шығуға жетелеуі мүмкін.

Торпақ

2024 жылы сізге қажет жайлылық пен ыңғайлылыққа жетуге көп еңбек ету керек болады. Қиындықтарды еңсеруге күш салу арқылы белгілі өзгерістерге төтеп бересіз. Торпақтар ауыр жүк көтеріп жүргенін сезінгенімен одан арылуға деген сенімнің өзі одан босап шығуға себеп болатындықтан еш мойымаңыз.

Егіздер

Жаңа жыл ең алдымен сізге өткен жылы іске аспаған идеяларды жүзеге асыратын жыл болады. Яғни бастаған істі оңай аяқтап, алдағы жылдарға үлкен мақсатқа жетуге жоспар құрасыз. Өміріңізге ең қажетті деп таныған тиімді нәрсеге күшіңізді жұмсауға тырысыңыз.

Шаян

Жылдың алғашқы тоқсанында бойыңызда алаңдаушылық, нақтырақ айтқанда, қаржылық және қарым-қатынаста қиындықтар болуы мүмкін. Бұл денсаулығыңызға кері әсерін тигізіп,  тіпті психикалық қиындықтар әкеледі. Сондықтан серіктесіңізбен немесе басшыңызбен неғұрлым түсіністік жағдай орнатуыңыз қажет.

Арыстан

2024 жылы сіз өз мақсатыңызға және алға қойған жоспарыңызға жетесіз. Бірақ кездесетін кедергілер аз болмайтындықтан, оны жеңу үшін күш салуыңызға тура келеді. Сонымен қатар шыдамды болу мен табандылық таныту қажет.

Бикеш

Өз өзіңізге қатаң талап қойып, одан әрі дамуды жалғастырғаныңыз маңызды. Әрқашан сәттілік жаныңыздан табылып, аяғыңызға нық тұруға көмектеседі. Сіздің бойыңыздағы күш-қуат өзгелердің де жағдайына әсер етіп, жағымды жаңалық еститін боласыз. Бастапқыда келіспеушілік орнағанымен уақыттың үйлесімділігі ымыраға әкеледі.

Таразы

Жыл басында көп өзгерістерді бастан өткеруіңіз мүмкін. Жұмыстан гөрі жеке денсаулығыңызды ойлауыңыз қажет. Жыл бойы қарапайым тынығу, достарыңызбен кездесу күнделікті ағзаға қажет ететін дәруменге тең келетінін қаперде ұстау ұсынылады.

Сарышаян

Сарышаяндар үшін жыл керемет көңіл-күй әкеледі. Сіз әдеттегіден де сабырлы боласыз және сізді ештеңе алаңдата алмайды. Ең бастысы, өзіңіздің жағдайыңызды ойлап, алға қадам басыңыз. Бөтен ойлар мазаламайтындықтан, әрбір шешіміңіз дұрыс болады. Өзгерістерге алданып қалмау жағын ойлаңыз. Денсаулыққа мән беретін кез келгенін естен шығармаңыз.

Мерген

Бұл белгіде туғандар үшін жыл нағыз отбасылық жыл болады. Бойдақтар үйленеді, отбасылылар да жақсы жетістіктерге қол жеткізеді. Бірақ оқуға немесе жұмысқа деген құштарлық төмендей түседі.

Тауешкі

Жаңа жыл тосынсыйға толы болады. Мінез-құлқыңызда үлкен өзгерістер болуы мүмкін. Ең бастысы, жағымды қасиетіңіз артып, бұрыннан қолға алған ісіңізді жаңаша бастауға уақыт табасыз. Табыстың өзі негізінен ұжымдық жұмыста болады.

Суқұйғыш

Жаңа жылдың басы сенім мен табыс әкеледі. Қабылдаған шешім­деріңізде тұрақтылық болады. Берілген уәделердің орындалғанына көз жеткізесіз. Бастамаңыз жемісін бергенде, өзіңізді мақтан етесіз. Дегенмен кездейсоқ жоспарларыңыз орындалмауы мүмкін. Мұндай жағдайда «жеті рет өлшеп, бір рет кес» қағидасына сүйенгеніңіз дұрыс.

Балықтар

Жыл басы керемет уақыт болады және жыл бойы сәттілік жаныңызда екенін сезінесіз. Армандағыш қасиет көп жоспардың орындалуына мүмкіндік береді. Сенімді серіктестің арқасында жаңа жобаларды ойлап табуға болатынына көзіңізді жеткізесіз. Бірақ жаңа идея мен табыс сізді өзімшілдікке әкелетіндіктен, айналаңыздағы адамдарды ұмытпай, қарым-қатынасты суытып алмаңыз. Отбасылық жағдайда да бірігіп жасалған бастаманың жемісі тәтті болатынын есте сақтаңыз.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар