– Атбасар ауданындағы су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасып жатыр. Қазіргі кезде қауіпті аймақтағы тұрғын үйлерден 150-ден астам адам эвакуацияланды.
Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2024 жылдың 9 сәуірінде бөгет арқылы жағалау аймағын су басу қаупіне және Жабай өзеніндегі су деңгейінің ұлғаюына байланысты су тасқыны болуы мүмкін аймақта тұратын тұрғындарды алдын ала эвакуациялау жүргізіліп жатыр.
«Жағалау аймағында орналасқан 24 тұрғын үйден 77 адам қауіпсіз жерге көшірілді, оның 8-і зейнеткер және 21 бала бар, сондай-ақ 77 адам туыстарына эвакуацияланды. Қазіргі уақытта тұрғын үйлерді су басу дерегі тіркелген жоқ», — деді ведомстводан.
Айта кетсек, бұдан бұрын Атбасар ауданының тұрғындарына судың көтерілуіне байланысты ескерту жарияланғанын жазған едік.
Дереккөз: kaz.inform.kz