Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылдың 6-16 сәуір аралығында «Жас дәурен» жыл бойы жұмыс істейтін лагерінің базасында су тасқынынан зардап шеккен Целиноград ауданының 6 ауылынан 5-9 сынып оқушыларының 81-і үшін сауықтыру ауысымы ұйымдастырылды.
Оқушыларды 4 отрядқа бөлді.
«Балалар үшін 5 рет тамақтану, түрлі ұжымдық іс-шаралар, таза ауада сауықтыру сапарлары ұйымдастырылды. Оқушыларға қашықтықтан оқыту ұйымдастырылды», — деді білім басқармасының бас маманы Марина Ли.
Дереккөз: www.gov.kz