Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Еңбек қауіпсіздігі басты назарда болуы тиіс - АРҚА АЖАРЫ

Еңбек қауіпсіздігі басты назарда болуы тиіс

2003 жылдан бастап Халықаралық Еңбек Ұйымы 28 сәуірді Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні деп жариялады. Жыл сайын бұл күн әлемнің 110-нан астам елінде аталып өтіледі. Мұндағы мақсат – әлем жұртшылығының назарын жұмысшылардың еңбегіне, олардың  сырқаттанушылығы мен өліміне байланысты өндірістік жарақаттану ауқымына аудару.

Биылғы Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні «Ауа райының өзгеруі еңбек қауіпсіздігі мен жұмысшылар гигиенасына әсері» тақырыбы аясында өтеді. Ол қолайлы еңбек жағдайларын, кәсіби тәуекелдердің болмауын немесе кез-келген кәсіпорынның экономикалық әл-ауқатының төмен деңгейін қамтуға негізделген.

Бүгінде елімізде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңнамалық және нормативтік база құрылған және ол үнемі жетілдіріліп келеді. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасында еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі кешенді жоспар іске асырылуда.

1995 жылы  30 тамыздағы республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабының 2-тармағына сәйкес, әрбір азамат қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай келетін еңбек жағдайларында жұмыс істеуге құқылы. Тәуелсіздік алғаннан бергі 30 жылдан астам уақыт ішінде Қазақстан Республикасы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңнамалық базасы дамыған мемлекеттік саясат жүйесін құрды, алайда, облыс кәсіпорындарында өндірістік жарақаттану деңгейі сақталуда.

Өндірістік жарақаттануды және еңбек жағдайларында зиянды жұмыс орындарын азайту мақсатында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығымен «Нөлдік жарақаттану – Vision Zero» тұжырымдамасын ілгерілету жөніндегі өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандум жасасты.

Қазақстан Республикасында қауіпсіз еңбекті қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимыл жоспарын орындау шеңберінде 2025 жылға дейін облыс бойынша 3047 кәсіпорынмен «Vision Zero» (нөлдік жарақаттану) тұжырымдамасын ілгерілету бойынша меморандумдар жасалды.

Осыған байланысты өндірістік жарақаттануға жол бермеу мақсатында облыс әкімдіктері мен кәсіпорындары арасында меморандумдар жасасу жөніндегі жұмысты күшейту қажет.

2019 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «ТНК «Казхром» акционерлік қоғамы Ақтөбе ферроқорытпа зауытының ұжымымен кездесуі аясында «Халықтық бақылау» жобасы таныстырылды. Бұл жоба кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды бақылауды күшейтуге арналған. Осы мақсатта, сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамға бейімдеу үшін кәсіпорындарда «Халық бақылаушылары» ретінде мүмкіндігі шектеулі жандар тартылады, олар бейнебақылау жүйесінің көмегімен зауыт цехтарында болып жатқан оқиғаларды бақылайды және қауіпсіздік техникасының барлық заң бұзушылықтарын қадағалайды. Басқарма атынан аудандар мен қалалардың әкімдіктеріне, облыс кәсіпорындарына «Халықтық бақылау» жобасын енгізу бойынша хаттар жолданды.

Бүгінгі таңда облыстың 5 кәсіпорны мен мекемесінде «Халықтық бақылау» жобасы енгізілді. Олар Зеренді ауданының аумағындағы «Altyntau Kokshetau» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Степногорск қаласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы «Степногорск-водоканал» кәсіпорны, Бурабайдағы «Азия котломаш», «Азия Құрылыс»  серіктестіктері,  Степногорск қаласының білім бөлімі.

Осыған байланысты барлық деңгейдегі басшыларға, кәсіподақ органдарына, кәсіпорындар мен ұйымдарға өз қызметкерлеріне еңбекті қорғау ережелері мен нормаларының талаптарын орындаудың маңыздылығын жеткізу бойынша конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізуді ұсынамыз. Сондай-ақ өндірістік жарақаттануды төмендетуге елеулі үлес қосқан еңбекті қорғау мәселелерімен айналысатын неғұрлым белсенді қызметкерлердің еңбегін атап өту қажет.

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай аталған іс-шараларды өткізу еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы жұмысты жандандыруға қосымша серпін береді, кәсіпорындар мен ұйымдарда қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға ықпал етеді.

Қайрат ЖАНАЕВ,
Ақмола облысы еңбек инспекциясы
жөніндегі басқармасының
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті
қорғауды бақылау бөлімінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар