Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көлдердің жағалаулары қоқыстан тазартылды - АРҚА АЖАРЫ

Көлдердің жағалаулары қоқыстан тазартылды

Бурабайда туристерді неғұрлым көп қабылдаған сайын, соғұрлым жиі тазалық жұмыстарын жүргізуге тура келеді. Сондықтан, өткен сенбіде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы барысында курорттық аймақ тұрғындары қырық көлдің, соның ішінде туристердің сүйікті демалыс орнына айналған Бурабай мен Щучье көлдерінің жағалауын тазартты.

– «Мөлдір бұлақ» онкүндігінің аясында өткен іс-шараға студенттер, еріктілер, медициналық және білім беру мекемелерінің қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер және облыстың осыған мүдделі тұрғындары – барлығы үш мыңнан астам адам қатысты. Бурабай аймағына жылына миллионнан астам турист келеді, сондықтан, біз әрқашан тазалыққа ерекше көңіл бөлуіміз керек. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталғалы 12 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды.Биыл қалдықтарды жинауға арналған 400-ден астам жаңа контейнер алаңдарын орнатуды жоспарлап отырмыз, – деді акцияға қатысушылар алдында сөз сөйлеген Бурабай ауданының әкімі Арай Садықов.

Ол сондай-ақ, экологиялық сананы арттыру туралы айтып, «тазалық тазалықта емес, қоқыс тастамайтын жерде» деген мағыналы сөзді қайталады.Десе де, ол туған өлкесінің тазалығына құлшына кіріскен аудан тұрғындары,  жергілікті тұрғындарды оқытудың қажеті жоқ екеніне, оларорман, көлдердің жағасына қоқыс тастамайтынына сенімді.

– Біз «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына құлшыныспен шықтық, өйткені,жағалаулар тазалауды қажет етеді. Әрине, орман алқаптары ескі бұтақтардан, күл-қоқыстан тазартылса жақсы болар еді. Бірақ, біз бәрібір көл жағасын ретке келтіреміз. Жаз маусымы әлі алда, демалушылар үнемі қоқысты көп тастайды. Жергілікті тұрғындардың тап бұлай жасамайтынына сенімдімін. Қалай дегенмен, қоғамдық орындарға қоқыс тастайтындарға шара қолдану керек шығар, – дейді «Оқжетпес» шипажайының есепшісі Айсұлу Нұрқанова. Оның сөзін әріптестері Анар Қожахметова мен Гүлнәр Жанғазина да қостайды және курорттық аймақтағы қоғамдық дәретханалар санын көбейту керектігін айтады.

Бурабай ауылында орналасқан курортология және медициналық оңалту ғылыми-зерттеу институтының 76 қызметкері жағалаудан көп қоқыс жинады. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Динара Орлова мен ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Арайлы Әбізар Бурабай көлінің жағалауында сенбілік жұмыстары жүргізілгенін айтады. Алайда, туристік маусым енді ғана басталып жатса да, бүгінде тазалайтын нәрселер өте көп.

Қоқыс жинау барысындаәңгімелесе жүріп, ағаш пирске байланған қайықтар мен катамарандар бар шағын қайық станциясына жеттік.

– Аумағымыз шағын, оны үнемі өзіміз тазалаймыз, –деп әңгімелейді қайық станциясының жалға алушысы Мұрат Байсалбаев: – Біз айналамыздағы қоқыстарды жинаймыз, оның ішінде тағамнан босаған пакеттер, пластик бөтелкелер бар, өз орнымызды да тазалаймыз. Туристер көп келетін жазда таңертең және кешке күніне екі рет сыпырамыз. Сонымен қатар, жақын күндердің бірінде біз мұнда келушілер үшін дәретхана орнатамыз.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясына бурабайлықтардан бөлек, Ақмола облысының басқа өңірлерінің тұрғындары да қатысты.Әсіресе, Атбасар, Аршалы, Ерейментау, Қорғалжын, Зеренді аудандары белсенділік танытты. Көкшетауда да Қопа көлінің жағасын тазарту кезінде көп жұмыстар атқарылды. Мәселен, Атбасар ауданы Новосельское ауылында Жыланды өзенінің жағасында сенбілік өтіп, Сергеев ауылдық округінің тұрғындары Есіл өзенінің жағалауын қоқыстан тазартты.

Ерейментау ауданына қарасты Новомарковка, Қойтас, Бестоғай, Олжабай батыр, Ақмырза ауылдарында Өлеңті, Кәрібай өзендерінің жағалауындағы қоқыс шығарылды.

Аршалы ауданында бір жарым мыңнан астам тұрғын Есіл өзенінің Кіші және Үлкен Сараба көлдерінің жағалауларын және Анаркөлдің айналасын жаппай тазартуға шықты. Жағалау сызығының 22 шақырым аумағынан 63 тоннаға жуық қоқыс жиналып, тазартылды.

Жалпы, облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметінше, демалыс күндері табиғатты қорғау шараларына 250 мыңға жуық ақмолалық қатысты.

Владислава КОКОРИНА,
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар