Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Даланы дән жорығы дүбірлетіп... - АРҚА АЖАРЫ

Даланы дән жорығы дүбірлетіп…

Көктемнің әр күні жылға азық дегендей, қазір дала жұмыстарының нағыз қызған шағы. Күн жылынып, жер арқасы жібіген шақ шаруа адамының да білек сыбана қарбалас тірлікке кірісетін кезі. Сәл кешіксеңіз, еткен еңбектің еш кететінін қаперге ұстаған жөн. «Не ексең, соны орасың» деген тәмсіл де осыған қарата айтылған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ауыл шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру стратегиялық міндет екендігін айқындап берді. Өңірдің ауыл шаруашылығы саласында жерді тиімді пайдалану, егіс көлемін арттыру, мал басын көбейту, жаңа технологияларды игеру, өнімді қайта өңдеу, халықты сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету – басты міндет. Бүгінде Қазақстан астық, ет, сүт және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді ұлғайту үшін барлық мүмкіндіктерге ие.

Биылғы жылы Степногорск қаласы мен оның іргесіндегі шаруашылықтар мен фермерлердің егіс алқаптары 20538,6 гектарды құрайды. Ылғал жабу жұмыстары 12800 гектар аумақта толық жүргізілді. Көктемгі дала жұмыстарын кешендіжүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 247 тонна көлемінде арзандатылған кепілдендірілген отын бөлінді. 2024 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету операторы «Фирма «Қаз-Шер және Компания» ЖШС болып табылады. Бағасы бір тоннасына – 250 000 теңге. Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін барлығы 301 ауыл шаруашылығы техникасы мен агрегаттары пайдаланылады, оның ішінде 4 егіс кешені, барлық маркалы 170 трактор, 47 сепкіш, 39 культиватор, 28 тырма бар.

Ағымдағы жылы Біржан сал ауданында жаздық егіс 190,1 мың гектарды құрайды, оның ішінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 158,2 мың гектар алқапқа орналастырылмақшы. Майлы дақылдар алқабы 5,9 мың гектарды құрайды, жемшөп дақылдары 25,3 мың гектарға егілетін болады. Картоп егу алаңы 485,4 гектар, көкөніс – 38,6 гектар, ауданда 16 мың тонна тұқым себілмекші. Тұқымның барлығы «ҚазАгрЭкс» зертханасында тексеруден өтті. Егіске 486 трактор, 1104 сеялка, 58 тұқым себу кешені қатысады. Тұқымдарды дәрілеуге де қажетті техника бар.

Атбасар ауданында 451,7 мың гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары егілетін болады, оның ішінде, дәнді және бұршақты дақылдар – 421,0 мың гектарға, майлы дақылдар 18579, күнбағыс – 7824, зығыр – 9505, қыша – 1106, рапс – 104, соя – 40, мал азығы – 10,6 мың, картоп – 1140, көкөніс – 94 гектарға орналастырылмақшы. Бүгінгі таңда 412,5 мың гектар алқапқа ылғал жабу жұмыстары жүргізілді. Нақты егіс алдындағы өңдеу 74,5 мың гектар аумақты қамтиды, оның ішінде химиялық өңдеу 34,7 мың гектар және механикалық өңдеу 39,8 мың гектарда іске асырылады. 2023 жылдың күзінде 2512 тонна минералды тыңайтқыш енгізілген болатын. Көктемгі егіс жұмыстарына 2986 ауыл шаруашылығы техникасы қатысады, оның ішінде 713 трактор, 1770 тұқым сепкіш, 120 тұқым себу кешені, 383 жүк көлігі бар.  2023 жылы аудан диқандары 9 миллиард 36 миллион теңгенің 160 жаңа ауыл шаруашылығы техникасын сатып алғанын айта кеткен жөн. Көктемгі дала жұмыстарына дизель отынына қажеттілік 7,4 мың тоннаны құраса, оның да жеткізілуі кестеге сай келуде.

Целиноград ауданы бойынша биылғы жылы егіс көлемі 260,6 мың гектар, соның ішінде дәнді-бұршақты дақылдар 221,8 мың гектар, майлы дақылдар 18,4 мың гектарға себіледі деп болжануда. Мал азықтық дақылдардың егілетін көлемі 20170 гектарды құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1695 гектарға артық. Картоп 225 гектар, көкөніс 65 гектар алқапқа орналастырылып жатыр. Қазіргі уақытта 137 мың гектар аумақта ылғал жабу жұмыстары аяқталды. 64 мың гектар алқапта егіс алдындағы топырақ өңдеу бүгінгі таңда 30 445 гектар, оның ішінде 6 134 гектар химиялық, 24 311 гектар немесе бүкіл жоспарлы егістің 48 пайызы механикалық жолмен өңделді. Бүгінгі күні ауданда 21,1 мың гектар алқапқа тұқым сіңірілді. Бұл – көзделген меженің 9,5 пайызын құрайды. Біржылдық шөптен егілгені – 4160 гектар немесе жоспардың 27 пайызы. 65 гектар алқапқа көкөніс егу де өрмек жүзінен ауды.

Бүгінде барлық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің алдында көктемгі егіс жұмыстарын жоспарланған алқаптарда дер кезінде және жоғары агротехникалық деңгейде өткізіп, мол өнім алу міндеті тұр. Жалпы, аймағымызда көктемгі егісті оңтайлы мерзімде сапалы өткізуге барлық жағдай жасалған.

Салтанат ДОСЕТОВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар