Ақмола облыстық мәслихатының депутаттары Айнагүл Балташева мен Құралай Жұмабекова Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған аспаздық қайырымдылық іс-шарасының жас қатысушыларын құттықтады.
Іс-шараға ерекше қажеттіліктері бар және көп балалы отбасылардан шыққан балалар қатысты.
Іс-шара «AMANAT» партиясы облыстық филиалының әйелдер қанатының, Әйелдер Күштері Альянсының, Ақмола облысының аналар Кеңесінің қолдауымен «Qolqanat» әлеуметтік жобасы аясында өтті. Көкшетау қаласына танымал аспазшы Наталья Михайленко мен кондитер Мира Құрмаштың жетекшілігімен балалар өз қолдарымен пицца, тәттілер мен коктейльдер дайындады. Балалардың көңілін аниматорлар көтерді.
«AMANAT» әйелдер қанатының жетекшісі, облыстық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Айнагүл Балташева балаларды мерекемен құттықтап, өз атынан естелік сыйлықтар табыс етті.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.