Таза Қазақстан- іс жүзінде!

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Бұланды ауданында экологиялық ахуалды жақсарту бағытында жүйелі жұмыс жалғасып жатыр. Ауқымды сенбіліктер, елді мекендерді санитарлық тазалау, жағалау аймақтары мен су айдындарын жинау жұмыстары жүргізілуде.

Акцияның мақсаты – тек тазалық орнату ғана емес, сонымен қатар халықтың тазалық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға деген жеке жауапкершілігі мен табиғатқа құрметпен қарау көзқарасын дамыту.

Бүгін Бұланды ауданына қарасты Тасты карьер орман алқабында су қоймасын тазалауға арналған экологиялық акция өтті. Іс-шараға еріктілер, жастар және қоғамдық ұйымдар белсене қатысты. Барлығы 2 тоннадан астам тұрмыстық және пластик қалдықтар жиналып, сыртқа шығарылды.

Қатысушылар мұндай шаралардың табиғатты сауықтыруға ғана емес, сонымен қатар туған жерге деген қамқорлық идеясы төңірегінде адамдарды біріктіретінін атап өтті.

«Таза Қазақстан» акциясы жалғасуда, әрбір тұрғын аудан тазалығына өз үлесін қоса алады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар